|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 және
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: 2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде (5-бөлім): «Дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2006-2008 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген кестеде: «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 107-жолда: 4-бағанда «2006-2008» деген сандар «2006-2007» деген сандармен ауыстырылсын; 7-бағанда «56206» деген сандар «31206» деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағанда «183706» деген сандар «692289» деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағанда «483583» деген сандар алынып тасталсын; реттік нөмірі 108-жолда: 7-бағанда «100000» деген сандар «35000» деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағанда «194740» деген сандар «259740» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 110-жолда: 7-бағанда «50000» деген сандар «140000» деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағанда «446294» деген сандар «356294» деген сандармен ауыстырылсын; «Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ:» деген жолда: 8-бағанда «17608658» деген сандар «18092241» деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағанда «14371732» деген сандар «13888149» деген сандармен ауыстырылсын; 2) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында: көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 05 «Денсаулық сақтау» деген функционалдық тобында: 226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша: 005 «Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы бойынша: «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында 100 адам қабылдайтын емханасы бар 75 төсектік аудандық аурухана салу» деген жолда «56206» деген сандар «31206» деген сандармен ауыстырылсын; «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 50 төсектік туберкулез ауруханасын салу» деген жолда «100000» деген сандар «35000» деген сандармен ауыстырылсын; «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Большая Владимировка ауылында аудандық орталық аурухананың 50 төсектік тұрақты корпусы» деген жолда «50000» деген сандар «140000» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |