|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 38-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 16-жолының 5-бағанында «көлік құралдары» деген сөздерден кейін «, ұшақтардың тағайындалған қызмет мерзімін ұзарту жөніндегі қызмет» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |