«Темір жол көлігі туралы» (2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 13 баптар) 2-тарау. Темір жол көлігіндегі басқару (14 - 17 баптар) 3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған (18 - 21 баптар) жер және қорғалатын аймақтар 4-тарау. Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек (22 - 24 баптар) қатынастарын реттеу ерекшеліктері 5-тарау. Темір жол көлігінде (25 - 29 баптар) жолаушыларды сақтандыру 6-тарау. Жүру қауіпсіздігі, темір жол көлігінің (30 - 35 баптар) жүктері мен объектілерін күзету, ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру 7-тарау. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру (36 - 55 баптар) 8-тарау. Кірме жолдар (56 - 63 баптар) 9-тарау. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және (64 - 72 баптар) почта жөнелтілімдерiн тасымалдау 10-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер (73 - 88 баптар) бойынша жауапкершілік 11-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою (89 - 93 баптар) 12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (94 - 97 баптар)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара) Осы Заң темір жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылар, тасымал процесiне қатысушылар, мемлекеттік органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) вагон - темір жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы; 2) тармақ иеленушi - меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде темір жолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) мемлекеттік көліктік бақылау (бұдан әрі - көліктік бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар жиынтығы; 3) жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған мүлiк; 4) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поездарында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк; 5) жүк жөнелтілімi - бiр темір жол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы; 6) жүк жөнелтушi - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға; 7) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) темір жол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткізу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жолдық дамуы бар, магистралдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 8) темір жол қатынасы - жөнелтетiн және баратын бекеттер арасында темір жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдау, оның мына түрлерi: халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында және (немесе) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен тасымалдау; облысаралық - Қазақстан Республикасының әртүрлi облыстарындағы жөнелту және межелi пункттерi арасындағы тасымалдау; ауданаралық (қалааралық) - бiр облыс шегіндегі елдi мекендер арасындағы тасымалдау; iшкi - қала (аудан) iшiнде және қала маңында тасымалдау; 9) темір жолдар - жылжымалы құрамның жүруi iске асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (тар және кең табан магистралдық, станциялық, кiрме жолдар); 10) темір жол көлiгi - темір жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi; 11) темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер - темір жолдар, құрылыстар, жол желiсіндегі және басқа ғимараттар, темір жол станциялары, қорғаныш екпе ағаштар және жол құрылғылары алып жатқан жер учаскелерi; 12) клиент - жасалған шартқа сәйкес тасымалдаушының қызметiн пайдаланатын тұлға; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды 12-1) контейнер - жүктердi тасымалдауға арналған бiрнеше мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды 12-2) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығында немесе өзге заңды негiздерде иелiк ететiн тұлға; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 13) магистралдық темір жол желісі - магистралдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiн, құрылғыларды, жабдықты, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi өзге де объектiлердi қамтитын магистралдық темір жол инфрақұрылымы; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 14) магистралдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпы пайдаланудағы темір жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiне және басқа мемлекеттермен темір жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темір жол станцияларын қосатын темір жолдар; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15) тармақша жаңа редакцияда 15) Ұлттық темір жол компаниясы - Yкімет шешімі бойынша құрылған, ұлттық холдинг жалғыз акционері болып табылатын, магистралдық темір жол желісін күтіп-ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистралдық темір жол желісі қызметтерін көрсететін акционерлік қоғам; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды 15-1) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, арнайы және әскери тасымалдарды орындайтын және жылжымалы құраммен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушы; 16) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиеттерiне қарай адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына; жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға зиян келтiрiлуiне себеп болуы мүмкiн жүктер; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 16-1) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде осы вагондарды (контейнерлердi) пайдалана отырып, тасымал процесiн жүзеге асыруға қатысатын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды 16-2) локомотивтiк тартқыш операторы - локомотивтi күтiп ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ететiн және локомотивтiк тартқыш қызметiн көрсетуге сертификаты бар тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 17) магистралдық темір жол желісінiң операторы - мемлекет магистралдық темір жол желісі қызметтерiн көрсету және тасымалдау процесiн басқару үшiн құрған ұйым; 18) ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 19) жөнелтушi - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға; 20) темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауiпсiздiгiн, темір жол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi; 21) жолаушы - жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 22) темір жол көлiгіндегі тасымалдаушы (бұдан әрi тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тасымалдаушы; 23) тасымалдау құжаттары - ресiмделуi арқылы тасымалдау шарттары жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж квитанциясы, темір жол көлiгi жүкқұжаты); 24) тасымалдау процесi - тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты iс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 25) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн темір жолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 26) кiрме жолдар - жүк жөнелтушiлер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистралдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темір жолдар; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды 26-1) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдар - тасымалдау ережелерiне сәйкес, тасымалдау процесiне қатысушыларға тиесiлi және багажды, жүктердi, жүк-багажды тиеу (түсiру), сұрыптау, сақтау жөніндегі операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын темір жол станциясы аумағында да, одан тысқары жерлерде де арнайы бөлiнген темір жолдар; 27) алушы - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерiн алатын және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 28) тасымалдау ережелерi - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды 28-1) тексеру - кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының темір жол саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын анықтау мақсатында жасалатын бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың іс-әрекеті; 29) қол жүгi - жолаушының вагонда өзiмен бiрге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен көлемi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары; 30) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды 30-1) әлеуметтiк мәнi бар қатынастар - әлеуметтiк мәнiн: облысаралық қатынастарда - Қазақстан Республикасының Үкіметі; ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар; 31) арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi тасымалдау; 32) тасымалдануға болатын мерзiм - тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының барынша шектi мерзiмi; 33) станциялық жолдар - кiрме жолдарды қоспағанда, темір жол станциясының шекарасындағы темір жолдар; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды 33-1) тасымалдау - багажды, жүктердi, жүк-багажды жөнелту пунктiнен межелi пунктiне апару мақсатында орындалатын тасымалдаушының, магистралдық темір жол желісі операторының, локомотивтiк тартқыш операторының өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 34) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретi шегiнде көлiк саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасында көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 35) тармақшамен толықтырылды 35) локомотивтiк тартқыштың қызметтерi - темір жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 36) тармақшамен толықтырылды 36) магистралдық темір жол желісінiң қызметтерi - магистралдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткізудi ұйымдастыру жөніндегі қызметтер; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 37) тармақшамен толықтырылды 37) кiрме жолдардың қызметтерi - кiрме жолдарды пайдалануға беру бойынша көрсетiлетiн қызметтер; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 38) тармақшамен толықтырылды 38) тасымал процесiнiң қатысушысы - темір жол көлiгi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға, соның iшiнде тармақ иеленушi, контрагент және клиент; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды 39) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымал төлеушісі ретінде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға. 2-бап. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясат 1. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясат: 1) көлiк рыногының барлық субъектiлерiнiң темір жол көлiгi қызметiне еркiн қол жеткізуi; 2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау; 3) тасымалдардың барлық қатысушылары үшiн құқықтық және экономикалық кепiлдiктердiң бiрыңғай стандартын қолдану принциптерiн негiзге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттiң тасымалдарға қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасауға бағытталған. 2. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты: 1) темір жол көлiгiнiң магистралдық темір жол желісін дамыту; 2) тасымалдарды дамыту; 3) тасымалдардың қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темір жол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру; ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) темір жол көлiгiнде еркiн кәсiпкерлiкке жағдай жасау және шаруашылық қызметiне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына жол бермеу; 6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту; 7) магистралдық темір жол желісінiң бiрыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау; 8) қоршаған ортаны қорғау; 9) темір жол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру; 10) темір жол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу болып табылады. 3. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру уәкiлеттi органға және құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға жүктеледi. 3-бап. Темір жол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалын ұйымдастыру негiздерi 1. Темір жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады. 2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Өзiнiң тартқыш көлiгi (локомотивi) жоқ тасымалдау процесiне қатысушы локомотивтiк тартқыштың операторымен жасалған шарт негiзiнде локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi пайдаланады. 4-бап. Темір жол көлiгi туралы заңдар 1. Темір жол көлiгi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. 5-бап. Темір жол көлiгiнiң ортақ және жеке пайдаланылатын объектiлерi ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Магистралдық темір жол желісі Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында ортақ пайдаланылатын темір жол көлiгiнiң объектiсi болып табылады, жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен Ұлттық темір жол компаниясына берiледi. 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді 2. Магистралдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдар жеке пайдалану объектiсi болып табылуы және жеке меншiкте болуы мүмкiн. Магистральдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдарды салу (қайта жаңарту), сондай-ақ кейіннен пайдалану концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
6-бап. Магистралдық темір жол желісі 1. Тасымалдаушылар магистралдық темір жол желісі бойынша тасымалдарды магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерiне сәйкес жүргiзедi. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Тасымалдаушы магистралдық темір жол желісі көрсеткен қызметтер үшiн магистралдық темір жол желісінiң операторына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Магистралдық темір жол желісінiң операторы магистралдық темір жол желісі көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темір жол желісін пайдалануға бiрдей құқық беруге мiндеттi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткізу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темір жол желісін пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісі көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізу ережелерiнде көзделген тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 4. Ұлттық темір жол компаниясы магистралдық темір жол желісін салуды, күтiп ұстауды және жаңғыртуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады. Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Магистралдық темір жол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық Магистралдық темір жол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады. 7-бап. Темір жол қатынасын тоқтату Мемлекеттік меншiк болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 8-бап. Темір жол көлiгіндегі шарттар 1. Тасымалдау шарттарының мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi. 2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады. 3. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттік органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртібі мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс. 4. Темір жол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды 5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi. Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi бiрiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн Ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi. 9-бап. Жылжымалы құрамды тiркеу Жылжымалы құрам уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркелуге тиiс. Темір жол көлiгіндегі қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады. 1. Темір жол көлiгiнiң қызметiне жататын өнiмдердi, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мiндеттi сертификаттау Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Шет мемлекет берген сертификатты Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік сертификаттау жүйесi таныған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледi. 12-бап. Тарифтер және ақы төлеу ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Магистралдық темір жол желісінiң операторы көрсететiн қызметтердiң бағасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi органдар жолаушылардың ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан күшіне енеді) 2-1. Тасымалдауды жүзеге асыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушының залалдары Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады. 3. Халықаралық қатынаста тарифтi (тасымалдау ақысын) қолдану ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi. 13-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған (толық көлемiнде жүзеге асырылмаған) тасымалға алдын ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi ақша қаражатын қайтарып алуға немесе тасымалдаушының келісімiмен осы тасымалға талап ету құқығын басқаға беруге құқылы. 2-тарау. Темір жол көлігіндегі басқару 14-бап. Темір жол көлiгіндегі мемлекеттік басқару 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне: 1) темір жол көлiгiн дамыту тұжырымдамалары мен бағдарламаларын бекіту; |