ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсан № 637 бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы бойынша
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және сақтандыру сыйақылары түріндегі кірістерді, сондай-ақ өзге де қызметтерден кірістерді мәлімдеуіне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының корпорациялық табыс салығын есептеуіне арналған корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (120.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (120.01 - 120.10 нысандар) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және былғауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді. 7. Тиісті қосымша нысанның көрсеткіштерін ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде көрсетілген қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады. 8. Қосымша нысандардардың «Жалпы ақпарат» бөлімінде тиісті қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі. 9. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. 10. Декларацияны беру кезінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|