|
|
|
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.30.07. № 642 Қаулысымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметi ядролық қаруды таратпау режимін жан-жақты күшейту қажеттігін және уранды байыту технологиясын қамтитын сезгіш ядролық технологиялардың таралу қаупін түсіне отырып, мемлекеттердің ядролық қаруды таратпаудың халықаралық режимінде көзделген міндеттемелерді сақтауы кезінде атом энергиясын бейбіт пайдалану игілігіне олардың кемсітпейтін және кепілді қол жеткізуге құқығын мойындап, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы 1968 жылғы 1 шілдедегі Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушылар болып табылатындығын назарға алып, осы Келісімді жасасу сәтінде Қазақстан Республикасының өз аумағында уранды байыту жөніндегі қуаттардың жоқ екенін ескеріп, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (бұдан әрі - МАГАТЭ) бақылауымен (кепілдіктерімен) уранды байытуды қоса алғанда, ядролық отын циклы қызметтерін ұсыну жөнінде халықаралық орталықтар құру ядролық қаруды таратпау режимін сақтау кезінде атом энергиясына барлық мүдделі елдердің тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін атом энергетикасының жаһандық инфрақұрылымының негізгі элементі болып табылатыны туралы түсіністікті бөлісе отырып, 1993 жылғы 23 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді және 1998 жылғы 6 шілдедегі Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Yкіметі арасындағы Ядролық-отын циклы кәсіпорындарын ықпалдастыру туралы келісімді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының атом энергетикасын дамыту, атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында екі елдің кооперациялық әлеуетін біріктіру жолымен екі жақты ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру ниеттеріне сүйеніп, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім Уранды байыту жөнінде халықаралық орталық (бұдан әрі - УБХО) құру мақсатында жасалады.
УБХО-ны Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Тараптар айқындайтын уәкілетті ұйымдар акционерлік қоғам нысанында құрады және ол Ресей Федерациясындағы «Ангара электролиз химия комбинаты» федералдық мемлекеттік бірегей кәсіпорнының алаңында орналасады. УБХО-ның негізгі міндеті ұйымдары УБХО-ға қатысушы болып табылатын мемлекеттердің мұқтаждары үшін отын (ұнтақтар, таблеткалар, жылу шығаратын қосындылар) және олардың атом энергетикасы үшін уранды байыту жөнінде қызметтер ұсыну мақсатында қатысушы ұйымдарға уранды байыту жөніндегі қуаттарға кепілді қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. УБХО өз қызметінде осы Келісімнің ережелерін, Ресей Федерациясының заңнамасын және УБХО-ның жарғысын басшылыққа алады. УБХО-ның өкілеттіктері мен жұмыс істеу тәртібі Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес оның жарғысымен айқындалады, оны Тараптардың уәкілетті ұйымдары атқарушы органдармен келісім бойынша бекітеді.
Осы Келісімнің шеңберінде: Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі; Ресей тарапынан - Атом энергиясы федералдық агенттігі (Росатом) атқарушы органдар болып табылады. Тараптардың уәкілетті ұйымдары (УБХО қатысушылары): Қазақстан тарапынан - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ; Ресей тарапынан - «Техснабэкспорт» ААҚ болып табылады. Атқарушы органдардың атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар ол туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес атқарушы органдар мен уәкілетті ұйымдарға УБХО құруға және оның қызметін жүзеге асыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Осы Келісімнің мақсаттарын тиімді жүзеге асыру үшін Тараптар Біріккен Консультативті Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады, ол: а) Тараптардың атқарушы органдары арасындағы осы Келісімді түсіндіру мен қолдануға қатысты, оның ішінде ядролық қаруды таратпау режимінің талаптарын қамтамасыз етуге қатысты дауларды қарайды; б) осы Келісімнің пәрменділігі мен тиімділігін арттыру үшін қажет болуы мүмкін қосымша шараларды қарастырады. Тараптардың атқарушы органдары Комиссияның тиісінше қазақстандық және ресейлік бөліктерінің құрамын белгілейді, олар мүшелердің тең санынан тұрады және олардың төрағаларын тағайындайды. Комиссияға бөліктердің төрағалары кезектесіп басшылық етеді. Әрбір төраға Комиссияны бір жыл бойына басқарады. Төрағалық етуші Тарап аумағында Комиссияның отырыстары жылына екі рет немесе Тараптардың біреуінің талап етуі бойынша жиірек өткізіледі. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады және консенсуспен қабылданады. МАГАТЭ-нің келісімі бойынша оның өкілі Комиссияның жұмысына кеңесші дауыс беру құқығымен қатыса алады.
1. УБХО ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың шеңберінде міндеттемелерді орындайтын және өз аумағында уран байытатын қондырғылары жоқ үшінші мемлекеттердің мүдделі ұйымдарының қосылуы үшін ашық. Мұндай қосылу осы Келісімнің Тараптары мен үшінші мемлекеттердің үкіметтері арасындағы жекелеген үкіметаралық келісімдердің негізінде УБХО жарғысында көзделген тәртіппен ресімделеді. 2. УБХО-ға қатысушылардың Ресей заңнамасына және УБХО жарғысына сәйкес УБХО-ның өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша қажетті ақпаратты қоса алғанда, дивидендтерге және УБХО-ны басқаруға қатысуға құқығы бар. 3. УБХО өндірген және Ресей Федерациясынан әкетілген байытылған уран ұйымдары УБХО-ға қатысушы болып табылатын мемлекеттердің мұқтаждары үшін отын (ұнтақтар, таблеткалар, жылу шығаратын қосындылар) дайындауға және олардың атом энергетикасы үшін пайдалану мақсатында қайта өңделеді.
Тараптар Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, МАГАТЭ-мен келісім бойынша УБХО жанынан табиғи және байытылған уран қорын жасауы мүмкін, ол, УБХО-ға қатысушы ұйымдар алдында УБХО-ның міндеттемелерін орындау үшін пайдаланылады. Қорға берілетін ядролық материалдың мөлшері, сондай-ақ оны жасаудың шарттары Комиссияның шеңберінде алдын ала қарауға жатады.
Тараптар УБХО-ның жұмыс істеу мәселелері бойынша МАГАТЭ-мен ынтымақтасады. Мұндай ынтымақтастықтың нақты өлшемдері Тараптардың МАГАТЭ-мен жекелеген уағдаластықтарының мәні болып табылады.
1. Ресей Тарабы, оның ішінде оның уәкілетті ұйымдары қазақстандық Тарапқа, оның ішінде оның уәкілетті ұйымдарына, сондай-ақ үшінші мемлекеттерге, олардың жеке және заңды тұлғаларына уранды байытудың технологиясы мен оған байланысты жабдықтарды, қондырғыларды, аспаптарды, материалдарды, жобалық және техникалық шешімдерді жиынтық түрде де, сол сияқты бөлшектері бойынша да бермейді. 2. УБХО-ға қатысушы ұйымдардың өкілдері мен УБХО қызметкерлерінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін (Ангарск электролиз химия комбинаты) федералдық мемлекеттік бірегей кәсіпорнының аумағына кіруі Ресей заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және Тараптардың атқарушы органдарының қосымша уағдаластықтарымен реттелуі мүмкін.
1. УБХО-ны қайта өңдеу және осы Келісімнің мақсаттары үшін одан әрі пайдалану үшін Тараптар мемлекеттерінің арасындағы ядролық материалдардың экспорты мен импорты Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан және Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар мен уағдаластықтардан туындайтын Тараптардың міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ядролық материалдар, сондай-ақ олардың негізінде немесе оларды пайдалану нәтижесінде өндірілген ядролық материалдар ядролық қару және басқа ядролық жарылғыш құрылғылар жасау үшін немесе қандай да бір әскери мақсатқа қол жеткізу үшін пайдаланылмайды. 3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ядролық материалдар Ресей Федерациясының аумағында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағымен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында кепілдіктерді пайдалану туралы 1985 жылғы 21 ақпандағы келісімге сәйкес, INFCIRC/327, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің кепілдіктерімен оның заңи құзыретінде әрі жауапкершілігінде және Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніңдегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы 1994 жылғы 26 шілдедегі шартқа байланысты, INFCIRC/504, кепілдіктерді қолдану туралы келісімге және 2004 жылғы 6 ақпандағы оған Қосымша хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында оның заңи құзыретінде және жауапкершілігінде болады.
Әрбір Тарап УБХО объектілерін және оның қызметінің мақсаттарына арналған ядролық материалдарды жеке қорғау үшін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің «Ядролық материал мен ядролық қондырғыларды жеке қорғау» атты құжатында INFCIRC 225/Rev.4 немесе оның соңғы редакцияларында көзделгеннен төмен емес деңгейде оның ұлттық заңнамасымен көзделген барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес осы Келісімге байланысты мәселелер бойынша бір-біріне ақпарат ұсынады. Мемлекеттік құпияны құрайтын ақпарат осы Келісімнің шеңберінде берілмейді. Осы Келісімнің шеңберінде берілетін және атқарушы органдар, уәкілетті ұйымдар немесе УБХО құпия ретінде қарайтын ақпарат оны беру кезінде осындай деп нақты айқындалуы, ал құпия ақпаратты қамтитын құжаттарда «құпия» деген белгі болуы тиіс. Құпия ақпаратты алушылар оны тиісті ақпаратты жөнелтушілер мен алушылар арасындағы уағдаластыққа және өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес пайдаланады. Құпия ақпарат мұндай ақпаратты берген Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жария етілмейді және үшінші тараптарға берілмейді.
Тараптар, оның ішінде олардың уәкілетті органдары мен УБХО халықаралық құқық нормаларына және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес осы Келісімнің шеңберінде қорғалатын тауарларға және жұмыстарды орындауға байланысты технологияларға рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау және осындай технологиялар мен тауарларды үшінші мемлекеттерге, олардың жеке және заңды тұлғаларына рұқсатсыз бермеу жөнінде қажетті шараларды қабылдайды.
Осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты, оның ішінде Комиссия жұмысының шеңберінде шешілуі мүмкін болмайтын даулар Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өз мемлекеті қатысушы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді. Осы Келісім он жыл мерзімге жасалады және одан кейін, егер Тараптардың бір де біреуі өзінің оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы тиісті кезең аяқталғанға дейін бір жыл бұрын екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарламаса, келесі он жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтату УБХО-ның заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтатуды білдірмейді. Тараптардың уәкілетті ұйымдары УБХО жарғысына және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес УБХО-ның алдағы қызметі туралы шешім қабылдайды. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, УБХО өндірген байытылған уран, сондай-ақ оның негізінде немесе оны қолдану нәтижесінде өндірілген ядролық материалдар толық пайдаланылмайынша немесе қандай да бір ядролық қызмет үшін жарамсыз болмайынша 6-баптың 3-тармағының және 10-баптың ережелері Тараптар үшін міндетті және қолданылатын болып табылады. 2007 жылы қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |