Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға (ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272; 2005.15.03. № 230 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 1149 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi Іс-шаралар жоспары) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары және мүдделi ұйымдар (келісім бойынша): 1) Іс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын; ҚР Үкіметінің 2005.15.03. № 230 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнiне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн. ҚР Үкіметінің 2005.15.03. № 230 қаулысымен 3- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын eceптi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-күнiне іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берудi қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысымен Бекітілген ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272; 2005.15.03. № 230 і (бұр. ред. қара) қаулыларымен жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
|