Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 ақпандағы № 38 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу бойынша сараптама комиссиясы туралы
1. Жалпы ережелер
1.Қазақстан Республикасынан тыс әкетуге және Қазақстан Республикасынан уақытша әкетіп (уақытша әкету) қайтарылған заттарды сараптамадан өткізу және оны ұйымдастыру үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - мәдениет саласындағы жергілікті атқарушы орган) Мәдени құндылықтарды әкелу және әкету бойынша сараптама комиссиясы (бұдан әрі - сараптама комиссиясы) құрылады. 2.Сараптама комиссиясының құрамы мәдениет саласындағы жергілікті атқарушы орган басшысының бұйрығымен бекітіледі. Сараптама комиссиясының құрамына археология және палеонтология, этнография, халықтық-қолданбалы өнер, филателия, нумизматика, геральдика, музыкалық аспаптар, кітап және баспа істері (қолжазбалар) бейнелеу өнері салаларының ғалымдары және жоғары білікті мамандары кіреді. 3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің кесімдерін, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Сараптама комиссиясының міндеттері, функциялары және құқықтары
4. Қазақстан Республикасынан тыс әкетуге мәлімделген және уақытша әкеткеннен кейін әкелінген мәдени құндылықтарға сараптаманы ұйымдастыру және өткізу сараптама комиссиясының негізгі міндеті болып табылады. 5. Сараптама комиссиясы негізгі міндеттеріне сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады: 1) әкетуге мәлімделген (уақытша әкетуге) және уақытша әкеткеннен кейін қайтарылған мәдени құндылықтарды сараптамадан өткізеді; 2) жеке және заңды тұлғалар мәлімделген мәдени құндылықтарға қорытынды береді; 3) ұсынылған мәдени құндылықтарға құжаттарына есеп жүргізеді және сақтайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|