Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасын бекіту туралы
ҚР Десаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 4 шілдедегі № 392 Бұйрығымен күші жойылды
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлер мамандықтарын есепке алу, даярлау, реттеу мақсатында бұйырамын: 1. Қоса берілген Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасы бекітілсін. 2. «Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 маусымдағы № 458 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2391 тіркелген) және «Денсаулық сақтау кадрларына жатқызылған медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің лауазымдары мен мамандықтарының тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы № 463 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2404 тіркелген), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 9 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3420 тіркелген, 2005 жылы № 9-13, 29 бабы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтар актілер бюллетенінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М. Мұхамеджанов) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|