|
|
|
Қазақстан Республикасының
Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 3 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Жалпы және Ерекше бөлімдер)» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 991-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнертабысқа құқықтар - инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқықтар патентпен қорғалады.»; 5-тармақтағы «Алдын ала» деген сөздер «Инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 992-баптың 1 және 3-тармақтарындағы «патентпен» деген сөз «инновациялық патентпен немесе патентпен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 993-баптың тақырыбы мен мәтініндегі «алдын ала», «алдын ала берілетін» деген сөздер тиісінше «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын; 4) 994-баптың 2-тармағындағы «патентке» деген сөз «қорғау құжатына» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 996-баптағы «алдын ала берілетін» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын; тақырыптағы «Алдын ала» деген сөздер «Инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті орган берген өнертабысқа инновациялық патент, патент, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге патент қолданылады.«; 3-тармақта: «алдын ала» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын; «және өнеркәсіптік үлгіге арналған» деген сөздер алып тасталсын; «пайдалы модельге» деген сөздерден кейін «және өнеркәсіптік үлгіге» деген сөздермен толықтырылсын; тақырыптағы «Алдын ала берілетін» деген сөздер «Инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші абзацтағы «Алдын ала берілетін» деген сөздер «Инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «алдын ала берілетін», «бес», «үш» деген сөздер тиісінше «инновациялық», «үш», «екі» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақша алып тасталсын; 2-тармақта: «тек патент берілгеннен кейін ғана» деген сөздер «инновациялық патент немесе патент берілгеннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын; «Патент беруден» деген сөздер «Патент немесе инновациялық патент беруден» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 1000-баптағы «Алдын ала», «алдын ала» деген сөздер тиісінше «Инновациялық», «инновациялық» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыптағы «Алдын ала» деген сөздер «Инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын; «патентті бұзу» деген сөздер «инновациялық патент пен патентті бұзу» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 1004-баптың 2-тармағындағы «алдын ала» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат, № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар, № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 жылғы 17 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 30 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 24 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 25 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 13 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 499-1-баптың 1) тармақшасындағы «алдын ала» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 507-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы «алдын ала» деген сөздер «инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат): 1) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айрықша құқық - патент иесінің селекциялық жетістікті өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы; 2) апелляциялық кеңес - уәкілетті органның дауларды сотқа дейін қарау жөніндегі бөлімшесі; 3) асыл тұқымды мал - тұқым типіне, бағытына және өнімділік деңгейіне, стандартына сай келетін шығу тегі құжатпен расталған таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал; 4) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды мал, оның ұрығы, эмбриондары; 5) Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия - өсімдік сорттарының патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның қарауындағы ұйым; 6) бюллетень - селекциялық жетістіктерді қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым; 7) лицензиялық шарт - патент иесі (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) селекциялық жетістікті белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беретін шарт; 8) мемлекеттік комиссиялар - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның Ауылшаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы; 9) отырғызылатын материал - репродукциялық және вегетациялық түрде көбейетін материалды қоса алғанда, кез келген түрдегі отырғызылатын материал (тұқым, көшет, өсімдіктер және өсімдіктердің оларды көбейтуге арналған бөліктері); 10) өтініш беруші - селекциялық жетістікке патент беруге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға; 11) патент иеленуші - патенттің иесі; 12) патенттік сенім білдірілген өкілдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары; 13) селекциялық жетістік - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын өсімдіктің патент берілген жаңа сорты, жануарлардың жаңа тұқымы; 14) селекциялық жетістік авторы (селекционер) (бұдан әрі - автор) - сортты, тұқымды жасаған, тапқан немесе өсіріп шығарған жеке адам; 15) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдік сорттарының мемлекеттік тізілімі мен Қазақстан Республикасының патенттер берілген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттік тізілімі; 16) Селекциялық жетістіктердің пайдалануға рұқсат етілген мемлекеттік тізілімі - пайдалануға рұқсат етілген, өндірісте шаруашылыққа пайдалану үшін рұқсат етілген сортты, тұқымды қамтитын, Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімі; 17) сорт - шаруашылық және биологиялық жағынан қасиеттері мен морфологиялық белгілері ұқсас, шығу тегі жағынан туыс, өз белгілерін тұқым қуалау арқылы келесі ұрпақтарға беретін және белгілі бір ботаникалық таксондағы өсімдіктердің басқа топтарынан ең болмағанда бір белгісі бойынша ерекшеленетін бір дақылдың өсімдіктер тобы. Сорттың қорғалатын санаттары: клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, жеке түр болып табылады; 18) тауарлық жануар - тауарлық өнім өндіру үшін пайдаланылатын жануар; 19) тұқым - белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайларда адамның шығармашылық қызметінің әсерімен қалыптасқан, «өз ішінде» ұзақ уақыт өсіп-өнуі үшін саны жеткілікті және шаруашылық және асыл тұқымдық құндылыққа ие, іріктеу, таңдау, олардың генотипіне сай келетін технологиялық жағдайлар жасау арқылы қалыпты күйі сақталатын, сондай-ақ оны бір түрдегі басқа тұқымдардан ерекшелейтін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық жағынан пайдалы қасиеттерінде белгілі бір ерекшелігі бар жалпы шығу тегі ортақ ауыл шаруашылық жануарларының бір түрінің тобы. Тұқымның қорғалатын санаттары: тип, кросс, желі болып табылады; 20) Тұқымдарды сынақтан өткізу және сапасын анықтау жөніндегі мемлекеттік комиссия - жануарлар тұқымдарының патентке қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органы; 21) ұрық (тұқым) - тұқымдық материалдың барлық ботаникалық нысандары: тұқымның өзі, жемістер, дән шоғыры, күрделі жемістердің бөліктері, баданалар мен түйнектер.»; 3) 3-баптың 3-тармағы «сынақтан өткізуді» деген сөздерден кейін «селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызмет түрі ретінде» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 5-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Сараптама жүргізуге арналған өтінімді мәні бойынша қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.»; 5) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауының дұрыстығын тексеруді мемлекеттік комиссиялар жүзеге асырады.»; 6) 7-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айрықша құқық - өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға патент иеленушінің мүліктік құқығы; 2) бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым; 3) зияткерлік меншік объектілері - зияткерлік қызмет нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары; 4) қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берілген өнертабыстарға инновациялық патенттер мен патенттер, өнеркәсіптік үлгілер мен пайдалы модельдерге патенттер; 5) қызметтік өнертабыс - қызметкердің өз қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау кезінде жасаған өнеркәсіптік меншік объектілері; 6) лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты; 7) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер; 8) Париж конвенциясы - кейінгі өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы; 9) патент иеленуші - қорғау құжатының иесі; 10) патентке қабілеттілік шарттары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген шарттары; 11) патенттелген өнеркәсіптік меншік объектілері - қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері; 12) патенттік сенім білдірілген өкілдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары.»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнертабысқа құқық инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгіге - патентпен қорғалады. 2. Өнертабысқа инновациялық патент өнертабысқа инновациялық патент беруге өтінімге сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Пайдалы модельге патент пайдалы модельге патент беруге өтінімге жүргізілген сараптаманың нәтижесі бойынша беріледі. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Инновациялық патент пен патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады. Инновациялық патент өтінім берушіге дүниежүзілік жаңалыққа және өнертабыстық деңгейге қатысты тәуекелімен және жауапкершілігімен беріледі.»; 3-тармақта: бірінші бөліктегі «алдын ала», «бес», «үш» деген сөздер тиісінше «инновациялық», «үш», «екі» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші бөлік алып тасталсын; 4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «өнеркәсіптік үлгіге қорғау құжатымен» деген сөздер «өнеркәсіптік үлгіге патентпен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, өсімдіктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюіне), әдіске (материалдық объектімен іс-әрекетті материалдық құралдардың көмегімен жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе әдісті жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешімдер өнертабыс ретінде қорғалады.«; 3-тармақтың 4) тармақшасы «орындау» деген сөзден кейін «, ойындарды жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 13-баптың 2-тармағындағы «өнертабысқа, өнеркәсіп үлгісіне, пайдалы модельге алдын ала патент беру туралы» деген сөздер «өнертабысқа инновациялық патент, патент, өнеркәсіптік үлгіге патент немесе пайдалы модельге патент беру туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Өтінім беруші өтінген немесе рұқсат берген не қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың талабы болған жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган және сараптама жасау ұйымы қорғау құжатын беру туралы мәліметтер жарияланғанға дейін үшінші тұлғалардың өтінімге қол жеткізуіне рұқсат бермеуге тиіс.«; 2-тармақта: бірінші бөлікте: бірінші абзацтағы «өтінімге» деген сөз «өтінімде мынадай құжаттар» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) өнертабыстың объектісін айқындайтын және оның мәнін білдіретін өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негізделуге тиіс;»; 7) тармақша алып тасталсын; екінші бөліктегі «өтінім беруге» деген сөздерден кейін «, сонымен бірге ресми сараптама жүргізуге» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Өнертабысқа өтінім берілген күн сараптама жасау ұйымына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген өтінім құжаттары түскен күн бойынша белгіленеді, ал егер көрсетілген құжаттар бір мезгілде тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күні бойынша белгіленеді.«; 4-тармақтағы «өтінімдерді жасау мен ресімдеуге» деген сөздер «өтінімді жасауға, ресімдеуге және қарауға» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыптағы және 1-тармақтағы «қорғау құжатын» деген сөздер «патент» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «қорғау құжаты», «қорғау құжатын» деген сөздер «патент» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «қорғау құжатын» деген сөздер «патент» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «жасау мен ресімдеу талаптарын» деген сөздер «жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыптағы және 1-тармақтағы «қорғау құжатын» деген сөздер «патент» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші бөлігінде: 1) тармақшадағы «қорғау құжаты», «қорғау құжатын» деген сөздер «патент» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақша алып тасталсын; 4-тармақтағы «жасау мен ресімдеу талаптарын» деген сөздер «жасауға, ресімдеуге және қарауға қойылатын талаптарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өтінім берушінің өтінім құжаттарына осы өтінім бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін мәлімделген объектінің мәнін өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар енгізуге құқығы бар. Осы өзгерістер өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде енгізілген жағдайда төлем алынбайды.«; 2-тармақтағы «уәкілетті орган қорғау құжатын беру туралы шешім қабылдаған күнге дейін жасалына алады» деген сөздер «тиісті төлем төленген жағдайда өнеркәсіптік меншік объектілерін тиісті Мемлекеттік тізілімде тіркеген күнге дейін жасалуы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыптағы «Өнертабысқа» деген сөзден кейін «патент беруге» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сараптама жасау ұйымына келіп түскен өтінім бойынша осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексеріледі; өтінім берілген күн анықталады. Егер өтінім осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын және осы құжаттарға қойылған талаптарды қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды және жетіспейтін және (немесе) түзетілген құжаттарды (мәліметтерді) осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді ұсынады. Өтінім беруші сұратылған және (немесе) түзетілген құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде табыс етпеген жағдайда, өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күн белгіленгеннен кейін сараптама жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама жүргізеді. Ресми сараптама жүргізу барысында осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендігі және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексеріледі.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ресми сараптама аяқталғаннан кейін өтінім берушіге оның нәтижесі туралы хабарланады.»; 6-тармақ алып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді. Өтінімге мәні бойынша сараптама мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігін белгілеуді, техника деңгейін анықтау үшін мәлімделген өнертабысқа қатысты ақпараттық іздестіру жүргізуді, мәлімделген объектінің (объектілердің) өнертабыс бірлігінің талабына және осы Заңның 6-бабында белгіленген патентке қабілеттілік шарттарына сәйкестігіне тексеру жүргізуді қамтиды және өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда жүзеге асырылады. Мәні бойынша сараптамаға ақы төлеу ресми сараптаманың нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгендігін растайтын құжатты берген жағдайда жүргізіледі. Мәні бойынша сараптамаға ақы төленбеген жағдайда өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі.»; 9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган өнертабысқа патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады.»; 10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы мына жағдайларда: 1) егер өтінім өнертабыс ретінде қорғалмайтын объектілерге қатысты болса; 2) егер өтінім беруші ұсынылған формулада өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілердің болуы туралы немесе өнертабыс ретінде қорғалатын объектіден басқа, өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты қарау өткізілмегені туралы хабарланғаннан кейін өнертабыс формуласын өзгертпесе беріледі.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Өтінім беруші сараптама жасау ұйымының тиісті қорытындысы берілгенге дейін өтінімді қараудың кез келген сатысында инновациялық патент беру туралы өтінішхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама осы Заңның 22-1-бабына сәйкес жүргізіледі.»; 13-тармақтағы «5-10» деген цифрлар «4, 7, 8, 10» деген цифрлармен ауыстырылсын; 11) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын: «22-1-бап. Өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтінімге сараптама 1. Сараптама жасау ұйымына келіп түскен өтінім бойынша осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі тексеріледі, өтінім берілген күн анықталады. Егер өтінім осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды және жетіспейтін құжаттарды (мәліметтерді) осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді ұсынады. Өтінім беруші сұратылған құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде табыс етпеген жағдайда, өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі. Өнертабысқа инновациялық патент беруге өтінім берілген күн белгіленгеннен кейін сараптама жасау ұйымы ол бойынша сараптама жүргізеді, оның процесінде осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендігі, оларға қойылатын белгіленген талаптардың сақталуы, өнертабыс бірлігі талабының сақталуы тексеріледі, мәлімделген шешімнің өнертабыс ретінде қорғалатын объектіге жататындығы туралы мәселе қаралады, сондай-ақ басымдық күні белгіленеді және мәлімделген шешімнің Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негізінде берілген патенттерге, жарияланған еуразиялық өтінімдерге, қаралатын өтінімнің басымдық күніне дейін сараптама жасау ұйымына берілген басқа өтінім берушілердің кері қайтарып алынбаған өтінімдеріне қатысты жергілікті жаңалығына тексеру, сондай-ақ өнеркәсіпте қолданылымдығына тексеру жүргізіледі. 2. Егер өтінім беруші өтінім бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар ұсынған болса, сараптама процесінде олардың мәлімделген өнертабыстың мәнін өзгертпейтіні тексеріледі. Егер қосымша материалдарда өнертабыс формуласына енгізілуге тиіс және өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілер болса, олар өтінім берілген өнертабыстың мәнін өзгертеді. Өтінімді қарау кезінде қосымша материалдардың өтінім берілген өнертабыстың мәнін өзгертетін бөлігі назарға алынбайды және өтінім беруші оны дербес өтінім ретінде ресімдеуі мүмкін, бұл жөнінде өтінім берушіге хабарланады. 3. Өтінім құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге сауал жіберіліп, онда ол жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде түзетілген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылады. Егер, өтінім беруші көрсетілген мерзімде сұратылған құжаттарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты табыс етпесе, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |