|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 Қаулысымен күші жойылды
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақта «Мемлекеттік кіріс министрлігіне» деген сөздер «Қаржы министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға қосымшада: 2-бағандағы «258» деген сандар «357» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |