|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1276 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007.18.07 № 606 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1276 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 527-құжат) мынадай өзгерістер иен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында: 2-тармақта: 2) тармақшадағы «тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардан тарту болжанатын ақшаның» деген сөздер «лицензия алған кезде осындай шарттар болған жағдайда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың орындалмаған шарттары бойынша тартылған ақшаның» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақша алынып тасталсын; 7) тармақша «лицензия алуға үміткер заңды тұлғада және/немесе бас мердігерде» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |