Қазақстан Республикасының (2006.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң мүлкін жария еткен азаматтар мен заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жекелеген қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершіліктен босату арқылы мемлекеттің мүлікті жария ету жөніндегі тек қана біржолғы акцияны жүргізуіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мүлікті жария ету - табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі; 2) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі - жария ету субъектілері) - мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары; 3) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) - жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия; 4) мүлікті жария еткені үшін алым - осы Заңда белгіленген, мүлікті жария етуді өткізгені үшін бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлем; 5) тиесілі емес тұлға - алған табыстарын жасыру мақсатында жария ету субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде әрекет еткен тұлға.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заңның күші, осы Заңның 3-бабында аталған мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ оның шегінен тыс жердегі, оның ішінде тиесілі емес тұлғаға ресімделген, өздеріне тиесілі және жария ету мерзімі басталғанға дейін алған мүлікті жария ететін және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-193, 218, 221, 222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшін өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-193, 218, 221, 222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшін сотталған; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 118, 120, 143, 154, 155 (бірінші бөлігі), 178, 179, 182, 185, 189, 205-209, 237, 239, 253, 357-2-баптарында аталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қолданылмайды.
3-бап. Жария етуге жатпайтын мүлік Мыналар: жеке басқа, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы жасалған қылмыстардың, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың нәтижесінде алынған; құқықтары сот тәртібімен дауланып жатқан; Қазақстан Республикасының заңдарында құқық беруге жол берілмейтін мүлік; оның ішінде кредит ретінде алынған ақша жария етуге жатпайды.
4-бап. Мүлікті жария ету мерзімi 2006.16.11 № 188-III ҚР Заңымен 1- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Мүлікті жария ету, оның ішінде мүлікті жария етуге ұсыну мерзімі 2006 жылғы 3 шілдеден басталып, 2007 жылғы 1 сәуірде аяқталады. 2006.16.11 № 188-III ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Мүлкін осы Заңның 11-бабына сәйкес жария еткен жария ету субъектілері 2007 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде оған құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімдеуге міндетті. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікке құжаттарды ресімдеуге уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар жария ету субъектісіне тиісті құжаттарды ол өтініш берген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде беруге міндетті.
5-бап. Жария етуге ұсынылған және жария етілген мүлік туралы ақпарат 1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар мүлікті жария етуді өткізу процесінде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге тиіс. 2. Осы Заңға сәйкес мүлікті жария етуді өткізу процесінде алынған ақпарат негізінде іс жүргізу әрекеттерін, оның ішінде қылмыстық қудалауды немесе әкімшілік жазалау шараларын қолдануды жүзеге асыру жөніндегі іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге тыйым салынады.
6-бап. Мүлікті жария еткені үшін алым 1. Жария ету субъектілері мүлікті жария еткені үшін алымды (бұдан әрі - алым) төлеушілер болып табылады. 2. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын мүлікті жария еткен Қазақстан Республикасының азаматтары мына шарттардың бірін қанағаттандырған жағдайда, егер: 1) жария етілген мүлікке 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық пен аталған мүлік орналасқан және салық органдарында есепте тұрған жер учаскелеріне қатысты жер салығын төлесе; 2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мүлік салығын және жер салығын төлеушілер болып табылмаса, алымды төлеушілер болып табылмайды. 2006.16.11 № 188-III ҚР Заңымен 3- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Өзінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер , сондай-ақ олар ақшаны жария еткен жағ-дайларды қоспағанда, тұрғылықты жері немесе тиісінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе занды тұлғалары алым төлеушілер болып табылмайды. 2006.16.11 № 188-III ҚР Заңымен 4- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4. Алым жария етілетін мүлік құнының он проценті мелшерінде төленеді. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті қоспағанда, мүлікті жария ететін жария ету субъектілері алымды мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейін төлейді. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлкін жария ететін жария ету субъектілері алымды жылжымайтын мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырған сәттен бастап жария етілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегенге дейін кез келген уақытта төлейді. Алымды өндіріп алу және бюджетке аудару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 5. Мүлікті жария етуге табыс етілген құжаттар қайтарылған не мүлікті жария етуден бас тартылған жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргізілмейді.
7-бап. Мүлікті жария етуді өткізуді ұйымдастыру және оның тәртібі жөніндегі жалпы ережелер 2006.16.11 № 188-III ҚР Заңымен 1- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Жылжымайтын мүлікті осы Заңның 11-бабына сәйкес жария етуді және осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету салық органына жария ету субъектілерінің (азаматтар - тіркелген жері бойынша, заңды тұлғалар - мемлекеттік тіркелген жері бойынша) мынадай құжаттарды: 1) осы Заңға 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысанда мүлікті жария етуді өткізуге екі дана өтінішті (бұдан әрі - өтініш); 2) алымның төленгенін растайтын; 3) жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлғаның өкілдері - жарғының (ереженің), заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің нотариат куәландырған көшірмелерін және олардың өкілеттігін растайтын құжаттарды; 4) осы Заңда көзделген өзге де құжаттарды беруі арқылы өткізіледі. 2. Шет тілде ресімделген құжаттар мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармасымен табыс етілуге тиіс. 3. Жария ету субъектілері жария етілетін мүліктің құнын дербес анықтайды. 4. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария ету субъектілері мүлікті жария ету мерзімі ішінде мүліктің белгілі бір түріне қайтадан өтініш беруге құқылы емес. 5. Мүлікті жария етуге табыс етілген құжаттар себептері көрсетіліп: 1) осы Заңда белгіленген құжаттардың толық емес топтамасы табыс етілген; 2) табыс етілген құжаттарда өшіріп тазалау мен түзетулер болған; 3) алым сомасы дұрыс есептелмеген; 4) табыс етілген құжаттар осындай құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға тиіс. Мүлікті жария етуге табыс етілген құжаттарды қайтаруға негіз болған себептерді жойған кезде, тұлға осы Заңда мүлікті жария етуге белгіленген мерзім ішінде мүлікті жария етуге қайтадан өтініш беруге құқылы. 6. Жария етілген мүлік жөніндегі мәліметтер осы Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне енгізіледі. 2006.16.11 № 188-III ҚР Заңымен 7- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Осы Заңның 11-бабына сәйкес жария етілетін жылжымайтын мүлікті , осы Заңның 8-бабында бел-гіленген жағдайларды қоспағанда, мүлік өтініш қабылданған кезден бастап жария етілді деп танылады. Жария ету субъектілері мүлік жария етілді деп танылған кезден бастап тиісінше осы Заңның 13 және 14-баптарында аталған, жария етілген мүлікті сатып алумен, иеленумен және пайдаланумен байланысты қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылықтан босатылады. 8. Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік жария етілген жағдайда, уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өтініш негізінде мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды ресімдейді. 9. Жария етілетін мүлік жөнінде табыс етілетін мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
2006.16.11 № 188-III ҚР Заңымен 8- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 8-бап. Ақшаны жария ету 1. Заңды тұлғалар ақшаны жария етуді мемлекеттік тіркеу орны бойынша салық органына мынадай құжаттарды: 1) осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті; 2) алым төленгенін растайтын құжатты; 3) жарғының (ереженің), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін; 4) екінші деңгейдегі банк не шетелдік банк берген, жария етуге ұсынылған ақша сомасының бар екендігін растайтын құжатты тапсыру арқылы жүргізеді. Ақша өтініш қабылданған сәттен бастап жария етілген деп танылады. 2. Жеке тұлғалар ақшаны жария етуді алым төлеу арқылы жүзеге асырады. Ақша алым төленген сәттен бастап жария етілген деп танылады.
9-бап. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі мүлікті жария ету 1. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ өзі тұрған елде мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті жария ететін жария ету субъектілері, осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін де табыс етеді. 2. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі бағалы қағаздарды жария ететін жария ету субъектілері осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиісті жүйесіндегі есептік шоттан үзіндіні не резиденті бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын өзге де құжатты табыс етеді.
10-бап. Тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікті жария ету 1. Тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікті жария ететін жария ету субъектілері осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды: 1) мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін; 2) тиесілі емес тұлғаның жария ету субъектісіне мүлікті өтеусіз бергені туралы нотариат куәландырған шартты табыс етеді. 2. Тиесілі емес тұлғаға ресімделген бағалы қағаздарды жария ететін жария ету субъектілері осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды: 1) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиісті жүйесіндегі есептік шоттан үзіндіні не резиденті бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын өзге де құжатты; 2) тиесілі емес тұлғаның бағалы қағаздарды жария ету субъектісіне өтеусіз бергені туралы нотариат куәландырған шартты табыс етеді.
11-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету 1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ететін жария ету субъектілері мүліктің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды: 1) осы Заңға 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысанда екі дана өтінішті; 2) жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлғаның өкілдері - жарғының (ереженің), заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің нотариат куәландырған көшірмелерін және олардың өкілеттігін растайтын құжаттарды табыс етеді. 2. Жылжымайтын мүлікті жария етуге өтінішті комиссия қарайды. Жария ету мерзімі ішінде берілген жылжымайтын мүлікті жария ету туралы өтініш тиісті жергілікті атқарушы органға өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 3. Жылжымайтын мүлікті жария етуден бас тарту осы Заңның 2 және 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда жүзеге асырылады. 4. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда комиссия: жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарады; жария ету субъектілеріне жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді береді; мәліметтерді жария етілген мүліктің тізіліміне осы Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысанда енгізеді. 2006.16.11 № 188-III ҚР Заңымен 5- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Комиссия жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарған кезден бастап жылжымайтын мүлік жария етілді деп танылады. Жария ету субъектілері жылжымайтын мүлік жария етілді деп танылған кезден бастап осы Заңның тиісінше 13 және 14-баптарында аталған, жария етілген жылжымайтын мүлікті сатып алумен, иеленумен және пайдаланумен байланысты қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісінің алым төлегені және алым төлеуші болып табылмайтын тұлғалар туралы ақпарат жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға беріледі. Жылжымайтын мүлікті жария еткен жария ету субъектілері аталған мүлік мемлекеттік тіркелген кезден бастап оған билік етуге құқылы. 6. Жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізудің ережелерін, комиссия туралы үлгі ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
12-бап. Осы Заңға сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдаудың және жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеудің ерекшеліктерi Осы Заңға сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізудің, сондай-ақ жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеудің ерекше тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
13-бап. Жария ету субъектілерін қылмыстық жауаптылықтан босату Мүлікті жария еткен жария ету субъектілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-192, 193 (осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) жасаған жағдайды қоспағанда, бірінші бөлігі; екінші бөлігінің а) және б) тармақтары; үшінші бөлігінің б) және в) тармақтары), 218, 221, 222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
14-бап. Жария ету субъектілерін әкімшілік жауаптылықтан босату Мүлікті жария еткен жария ету субъектілері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 118, 120, 143, 154, 155 (бірінші бөлігі), 178, 179, 182, 185, 189, 205-209, 237, 239, 253, 357-2-баптарында аталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
15-бап. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2006.16.11 № 188-III ҚР Заңымен 16- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу және оның қолданылуын тоқтату тәртібi Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 1 шілдеде өзінің қолданылуын тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 5-і. № 157-III ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңына 1-ҚОСЫМША _____________________________ _____________________________ (өтініш берілетін орган)
Жеке тұлға үшін мүлікті жария етуді өткізуге арналған ӨТІНІШ (екі дана етіп толтырылады)
Аты-жөні ________________________________________________________ СТН _____________________________________________________________ Тұратын жері ____________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _________ сериясы __________ № ___________ ________________ берген берілген күні _____________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді): __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ________________ _________________________________________________ күні, айы, жылы (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә.) __________________________________________________________________ (өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы) __________________________________________________________________ (орган басшысының Т.А.Ә. және қолы) М.О. Өтініштің қабылдап алынған күні, айы, жылы: 2006 жылғы _____
Қазақстан Республикасының Заңына 2-ҚОСЫМША _____________________________ _____________________________ (өтініш берілетін орган)
Заңды тұлға үшін мүлікті жария етуді өткізуге арналған ӨТІНІШ (екі дана етіп толтырылады)
Заңды тұлғаның толық атауы _______________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді): __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ________________ _________________________________________________ жылы, күні, айы (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә.) __________________________________________________________________ (өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ә. және қолы) __________________________________________________________________ (орган басшысының Т.А.Ә. және қолы) М.О. Өтініштің қабылдап алынған күні, айы, жылы: 2006 жылғы ____
Қазақстан Республикасының Заңына 3-ҚОСЫМША _____________________________ _____________________________ (органның атауы)
таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________ (тізілімді толтырған маманның Т.А.Ә. және қолы) ___________________________________________________________________ (орган басшысының Т.А.Ә. және қолы) М.О.
|