|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
ҚР Үкіметінің 2008 ж.12 қарашадағы № 1048 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
деген жолдағы «атқарушы директорының міндетін атқарушы» деген сөздер «басқармасының төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
деген жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
2) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 873 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 2 және 4-тармақтарда: «Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;»; 5-тармақта: «Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Ерғожин Дәулет Eділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;»; 3) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 885 қаулысында: 1-тармақта: «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Болат Әбілқасымұлы Палымбетовті» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Виктор Васильевич Супрунды». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |