“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне (2007.02.02. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2007.02.02. № 79 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1422 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында: реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын; 3) "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегі Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнде: реттік нөмiрi 50-жолда: 2-бағанда: "О.И. Жұмабеков" деген сөздер "З.Я. Балиева" деген сөздермен ауыстырылсын; "2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын; 3-бағанда "2005" деген сандар "2006" деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|