Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 199-құжат; 2006 ж., № 18, 166-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы сәуірдің 24-і. № 321
Президентінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 321 Жарлығына 1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кәсіпкерлікті дамыту және оны тиімді мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|