Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2006.23.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсiпкерлердiң өзара iс-қимылын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Кеңес туралы ереже; 2) Кеңестiң құрамы бекітілсiн. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президент Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. сәуірдің 23-і. № 1560
Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы кәсiпкерлiктi дамыту және оны тиiмдi мемлекеттік қолдау мәселелерi жөнiндегі тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Кеңестің негізгi мiндеттерi
3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi: кәсiпкерлiкті қолдау мен дамытуға, нарықтық экономиканы дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасауға бағытталған ұсыныстар әзiрлеу; Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтін iскер топтарды, кәсiпкерлiк қауымдастықтар мен одақтарды топтастыру; кәсiпкерлiк саласындағы маңызды мемлекеттік проблемаларды шешу үшiн ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
4. Кеңестiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|