|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 292-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанының реттік нөмірі 3-жолының бірінші сөйлемі «саласында» деген сөзден кейін «, дәрілік заттар айналымы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |