Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы (2006.20.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, құрылу тәртібін және қызметін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1 ) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара) 1) агент банк - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе ұйым; 2) кепілдік төлемі - "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы; 3) міндетті сақтандыру шарты - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісі негізінде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты; 4) қатысу шарты - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты; 5) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісімен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы; 6) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7 ) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара) 7) өтемақы төлемдері - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақылары төлеміне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетін ақша сомасы; 8) міндетті жарналар - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлігі түріндегі ақша сомасы; 9) міндетті сақтандыру - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру ұйымының міндетті қатысуын көздейтін, Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген міндетті сақтандыру түрі; 10) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын, өзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген сақтандыру ұйымы; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 11 ) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара) 11) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - міндетті жарналар есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен олар мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және тек қана кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша сомасы , сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға байланысты шығыстар сомасы ; 12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі - осы Заңда көзделген, қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені; 13) қатысушы-сақтандыру ұйымы - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы; 14) меншікті капитал - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының оның міндеттемелеріне азайтылған активтері мен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві; 15) уәкілетті орган - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган; 16) шартты міндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарды төлеу үшін ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алдындағы міндеттемелері; 17) төтенше жарналар - осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы.
2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының Қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау
3-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау 1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Уәкілетті орган Қорға және оның лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен санкциялар және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара) 1) Қордың және сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін , соның ішінде кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 2) қатысу шартының типтік нысанын бекітеді; 3) Қор активтерін инвестициялау тәртібін белгілейді; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4) Қордың есептiлiгiнiң (қаржылық есептіліктi қоспағанда) көлемiн, табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды; 5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3-тарау. Қорды құру және оның қызметі 5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары 1. Қор коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Қордың ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды 2. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен келісім бойынша Қордың қаржылық есептiлiгiнiң көлемiн, табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара) 3. Қордың қызметіне жалпы басшылықты бес адамнан тұратын директорлар кеңесі жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның бір өкілі, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан бір өкіл, құрылтайшының бір өкілі, Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын, құрылтайшы тағайындайтын Қордың бас директоры және Қордың бір өкілі кіреді. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара) 4. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Қордың ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.
6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті Қордың жарғысында белгіленген шекте Қордың директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады: 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1 тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара) 1) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және төтенше жарналарының ставкаларын, қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қорға төлеуге тиісті төтенше жарналардың мөлшерін белгілеу; 2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұруды немесе қайтарып алуды қоса алғанда, сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда көзделген қатысушы-сақтандыру ұйымына инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған шектеулі ықпал ету және санкциялар шараларын қолдану туралы уәкілетті орган алдында өтініш жасау жөнінде шешім қабылдау; 3) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының кредиторларына өтем төлеу туралы шешім қабылдау; 4) агент-банкті таңдау; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) тартылатын заемдардың және Қордың қарызға алуларының шекті мөлшерлерін белгілеу; 5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7 - бап жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара) 7-бап. Қордың кепілдіктері Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқанда (толық немесе ішінара) не толық көлемде оны жүзеге асырмағанда, оның ішінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны кері қайтарып алғанға және соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енгенге дейінгі кезеңде міндетті сақтандыру шарттары бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Қор кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
8-бап. Қордың негізгі міндеті және функциялары 1. Қордың негізгі міндеті қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. 2. Қор негізгі міндетті орындау үшін мынадай функцияларды: 1) осы Заңға сәйкес кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыруды; 2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен инвестициялық қызметті жүзеге асырады. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырылды 3. Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы. Алынған мәліметтер одан әрі жариялауға жатпайды. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды 4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.
9-бап. Қатысу шартын жасасу 1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, соған сәйкес сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін Қорға қатысуы қажет болғанда, өтініш беруші Қормен қатысу шартын жасасуға тиіс. 2. Өтініш беруші қатысу шартын жасасу үшін Қорға нотариатта куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; 2) өтініш берушінің статистикалық карточкасының көшірмесі; 3) өтініш беруші жарғысының көшірмесі. 3. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және талаптары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес болуға тиіс. 10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары Қатысу шартында: 1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жері және банктік деректемелері туралы мәліметтер; 2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқама; 3) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттері; 4) міндетті және төтенше жарналарды төлеу, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру тәртібі; 5) кредиторға кепілдік төлемінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру талаптары мен тәртібі; 6) осы Заңның 16-бабының талаптары сақталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларымен міндетті сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі мен талаптары; 7) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред . қара) 8) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелерін орындайтын Қорға кредитор құқығының өтуі туралы талаптар; 9) қатысу шартын тоқтату талаптары; 10) тараптардың қатысу шартын бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы талаптар; 11) Қордың өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі болуға тиіс. Қатысу шарты: 1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген жалпы негіздерде; 2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу және міндетті сақтандырудың осы түрлері бойынша жасалған міндетті сақтандыру шарттарының қолданылуын тоқтату міндеті жүктелген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы тоқтатқан жағдайда тоқтатылады. 12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі. Қордың қарыз алуы 1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы қатысу шартына сәйкес міндетті және төтенше жарналарды төлеуге міндетті. Міндетті жарналардың ставкасын Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымдары бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандырудың міндетті түрлері бойынша орташа айлық сақтандыру төлемдерінің ең жоғары мөлшері негізінде Қор жыл сайын айқындайды. Міндетті жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 2. Міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі және міндетті жарналардың ставкасы негізге алына отырып есептеледі. 3. Кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резерв жетіспеген жағдайда Қор өзінің меншікті капиталын пайдаланады. Бұл ретте Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резервтен асатын кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстары қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарының есебінен олардың шартты міндеттемелері шегінде өтелуге тиіс. 4. Қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың міндетті түрлері бойынша Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі ол жасаған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне бара-бар айқындалады. Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 5. Кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, өзге де ұйымдардан заемдар тартуға не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасынан аспайтын ставка бойынша олардың кепілдік беруімен қарыз алуға құқылы. Қарыздар қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге тиіс. 6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатпайды. 7. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап ол міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатылады. 13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру 1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелерді қалыптастыруға және олардың есебін жүргізуге міндетті. Шартты міндеттемелердің мөлшерін Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы сақтандырудың міндетті түрлері бойынша оның сақтандыру сыйлықақысының көлемін және шартты міндеттемелер ставкасын негізге ала отырып есептейді. 2. Шартты міндеттемелердің ставкасын Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары бойынша өткен қаржы жылындағы сақтандырудың міндетті түрлері бойынша айлық сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғары мөлшері негізінде Қор жыл сайын айқындайды. Шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау 1. Міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті. 2. Уәкілетті орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабарлама алған жағдайда мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара) 15-бап. Кепілдік беру төлемін жүзеге асыру негіздері және тәртібі 1. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кредитордың Қордан кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде талап ету құқығы туындайды. Кепілдік төлемін алуға кредиторлар: 1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмағанда, міндетті сақтандыру шарттары бойынша оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша; 2) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, сақтанушының басқа қатысушы-сақтандыру ұйымымен міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасқан күнге дейінгі, бірақ мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан аспайтын кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша құқылы. 2. Кредитордың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздерде Қордан талап ету құқығы туындаған жағдайда, растайтын құжаттар болғанда, кредитор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы. Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, оларды алу үшін кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде өтініш (шағым) беруге құқылы. 3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру жөніндегі талаппен тікелей Қорға не Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы. Кредитордың талабын алғаннан кейін қатысушы - сақтандыру ұйымы не Қор міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін анықтау жөніндегі жұмысты жүргізеді. 4. Кредитор не қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы не кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 5. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді. 6. Кепілдік төлемінің мөлшері міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандырудың міндетті түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады. Кепілдік төлемін жүзеге асырудың тәртібі осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады. 7. Кепілдік төлемі кредитордың моральдық залалын, алынбаған пайдасын, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбын жаппайды. 8. Кредиторларға кепілдік төлем тараптардың келісімі бойынша тікелей Қордан немесе агент банк арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол емес нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады. 9. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырылған күннен бастап кредитордың міндетті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлемі көлемінде Қорға ауысады. Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі - тарату комиссиясы) ұсынады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара) 16-бап. Сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша тәсілдері 1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының қолданылу мерзімі аяқталмаған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы сот шешімі күшіне енген күннен бастап екі ай мерзімде Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымымен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасалған міндетті сақтандыру шарты қолданыста болуға тиіс қалған уақыт кезеңіне міндетті сақтандыру шартын жасасуға құқылы. 2. Қатысушы-сақтандыру ұйымымен осы баптың 1-тармағында көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда Қор қатысушы-сақтандыру ұйымына өтемақы төлеуді жүзеге асырады. 3. Өтемақы төлемінің мөлшері міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіге сәйкес жаңадан жасалған міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінің негізінде айқындалады. Өтемақы төлемін жүзеге асыру тәртібі осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады. Жаңадан жасалған шарттың қолданылу мерзімі жаңа шартты жасасқан күннен бастап, сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарты қолданыста болуға тиіс мерзім аяқталған кезге дейінгі кезеңді құрайды. Егер сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын толық төлемесе, Қор сақтанушы төлемеген сақтандыру сыйлықақысының сомасын шегере отырып, өтемақы төлемін жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда, міндетті сақтандыру шартын жасасқан қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтанушыдан сақтандыру сыйлықақысының төленбеген сомасын талап етуге құқылы. |