Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы (2007.05.01. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ) құрылсын. 2. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі мәні акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру болып белгіленсін. 3. Қоса беріліп отырған: 1) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум; 2) акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берсін; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп: 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды; 2) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумның ережелерін ескере отырып, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жарғысын бекітуді; 3) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттерін бағалауды жүргізсін. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеуді қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп: 1) бір ай мерзімде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін; 2) бір жарым ай мерзімде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін. 8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-81-жолмен толықтырылсын: «21-81. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ»; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-14-жолмен толықтырылсын: «205-14. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ». 9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. 10. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Yкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен Бекітілген
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ) құрудың мақсаты агроөнеркәсіптік сектордың тиімді дамуын ынталандыру және оның ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын, акциялары оған орналастырылатын акцияларды төлеуге берілген акционерлік қоғамдарды (бұдан әрі - қоғамдар) тиімді басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.
2. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның мақсатына қол жеткізу қызметтің мынадай негізгі қағидаттарына негізделеді: қоғамдар қызметінің мемлекеттік аграрлық саясат басымдықтарына сәйкес келуі; инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау; қоғамдар қызметінің нәтижелілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру; корпоративтік басқару саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені пайдалану; Қызметтің негізгі қағидаттарын іске асыру Директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
3. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның міндеттері
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның қойылған мақсаттар шеңберіндегі міндеттері: агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру; аграрлық инфрақұрылымды дамыту; аграрлық азық-түлік кластерлерін қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесу; агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін дамыту; ішкі және сыртқы аграрлық азық-түлік нарықтарында ауыл шаруашылығы өнімінің қазақстандық «брэндін» қалыптастыру; ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру; агроөнеркәсіптік өндірісті ғылыми, кадрлық және инновациялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жәрдемдесу; қоғамдарды басқару жүйесін оңтайландыру; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің трансакциондық шығындарын төмендету.
4. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның функциялары
Ұйымдарды олардың Директорлар кеңестері арқылы корпоративтік басқару шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болады: әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларын есепке ала отырып, қоғамдар үшін мақсаттар қою; қоғамдардың даму жоспарларын және қаржы-шаруашылық қызметінің орта мерзімді жоспарларын бекіту; мақсаттарға қол жеткізуді, оның ішінде қаржылық нәтижелерді барынша арттыруды қамтамасыз ету; қоғамдардың жобаларын іске асыруда қаржылық және басқару менеджментін жүзеге асыруға қатысу; сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту; қоғамдар қызметінің тиімділік индикаторларын әзірлеу және оның мониторингі; қоғамдар алға қойылған мақсаттар мен тиімділік көрсеткіштерін орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз ету; қоғамдардың қызметіне корпоративтік басқарудың алдыңғы қатарлы халықаралық қағидаттарын енгізу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
5. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны басқару мәселелері
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. Қоғамдардың акцияларын сату туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысын қабылдау жолымен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның жалғыз акционері қабылдайды. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің дербес құрамын Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейді. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебемен) өкілдері, сондай-ақ, тәуелсіз директорлар мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Басқармасының төрағасы кіреді. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне: «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің басым бағыттарын анықтау; «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның бюджетін бекіту; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кіреді. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның қызметін қаржыландыру жарғылық капиталдың қаражаты, қоғамдардан түсетін дивидендтер есебінен қалыптастырылатын кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.05.01. № 2 Қаулысымен 5-1-бөліммен толықтырылды 5-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Мамандандырылған Кеңес арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешімді және қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған Кеңестің құрамына Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірінші басшылары кіреді. Мамандандырылған Кеңес екі жылда бір рет орта мерзімді негізде қоғамдарды басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады және мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткізуді бағалауды жүргізеді. Мамандандырылған Кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және кемінде екі жылда бір рет отырыс өткізеді. Мамандандырылған Кеңестің қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді Мамандандырылған Кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың Компаниялардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауға негізделген олардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
6. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ мен қоғамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ мен қоғамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетілген функцияларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның қоғамдардың қызметіне ықпал етуі акционер функцияларын жүзеге асыруы және қоғамдардың тиісті Директорлар кеңестеріндегі өкілдігі арқылы корпоративтік басқару шеңберінде шектеледі. Қоғамдардың Директорлар кеңестерінің құрамына «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның өкілдері, қоғамдар басқармаларының төрағалары және тәуелсіз директорлар кіреді. Қоғамдар Директорлар кеңестерінің төрағалары болып «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ өкілдері сайланады.
Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен Бекітілген
Акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі
|