|
|
|
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2011.11.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 81 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.11.11. № 1328 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2011.11.11. № 1328 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары; 3) Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде: 10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «мүлікті бағалау» деген сөздерден кейін «(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау» деген сөздермен толықтырылсын. 1) «Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 490-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 821 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 438-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.11.11. № 1328 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.15.04. № 318 Қаулысымен біліктілік талап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысымен бекітілген
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі. ҚР Үкіметінің 2011.20.05. № 552 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы; 2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бойынша тағылымдамадан өтуі; 3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі. ҚР Үкіметінің 2011.20.05. № 552 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды (жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 2-1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия: 1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған; 2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді. ҚР Үкіметінің 2011.20.05. № 552 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Заңды тұлғаның штатында мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, не кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алады.
ҚР Үкіметінің 2010.15.04. № 318 Қаулысымен біліктілік талап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысымен бекітілген
Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі. ҚР Үкіметінің 2011.20.05. № 552 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы; 2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өтуі; 3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі. ҚР Үкіметінің 2011.20.05. № 552 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды (жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 2-1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия: 1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған; 2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді. ҚР Үкіметінің 2011.20.05. № 552 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Заңды тұлғаның штатында зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |