|
|
|
«Ертіс» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы», «Жетісу» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамдары қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумдарды бекiту туралы (2018.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ертіс», «Жетісу» және «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум; 2) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен меморандум жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысымен бекітілген
«Epтic» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты «Ертіс» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - «Ертіс» ӘКК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ертіс» ӘКК» АҚ-ға: жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты; инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi; жер қойнауын пайдалану құқығы; пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер; мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi; акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - ұйымдар) берiлетiн болады. 2. «Ертіс» ӘКК» АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады. Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады. Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi. Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi. 3. «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның мiндеттерi «Ертіс» ӘКК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады: мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру; өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу; мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру; инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру; бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру; шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау; пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау; мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету; өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру; кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру; мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту; бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу «Ертіс» ӘКК» АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ «Ертіс» ӘКК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады. 4. «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның функциялары Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның негiзгi функциялары: ұйымдар үшін мақсаттар қою; орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту; жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау; ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады. 5. «Ертіс» ӘКК» АҚ-ны басқару мәселелерi «Ертіс» ӘКК» АҚ» Директорлар кеңесінің құрамына Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, «Ертіс» ӘКК» АҚ» Басқармасының төрағасы кіреді. «Ертіс» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне: «Ертіс» ӘКК» АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау; «Ертіс» ӘКК» АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою; «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның бюджетiн бекiту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi. «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады. 6. «Ертіс» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар «Ертіс» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен меморандум жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысымен бекітілген
«Жетісу» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты «Жетісу» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - «Жетісу» ӘКК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Алматы облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Жетісу» ӘКК» АҚ-ға: жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты; инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi; жер қойнауын пайдалану құқығы; пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер; мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi; акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - ұйымдар) берiлетiн болады. 2. «Жетісу» ӘКК» АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады. Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады. Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi. Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi. 3. «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның мiндеттерi «Жетісу» ӘКК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады: мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру; өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу; мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру; инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру; бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру; шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау; пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау; мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету; өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру; кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру; мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту; бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу «Жетісу» ӘКК» АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ «Жетісу» ӘКК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады. 4. «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның функциялары Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның негiзгi функциялары: ұйымдар үшін мақсаттар қою; орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту; жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау; ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады. 5. «Жетісу» ӘКК» АҚ-ны басқару мәселелерi «Жетісу» ӘКК» АҚ» Директорлар кеңесінің құрамына Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, «Сарыарқа» ӘКК» АҚ» Басқармасының төрағасы кіреді. «Жетісу» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне: «Жетісу» ӘКК» АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау; «Жетісу» ӘКК» АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою; «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның бюджетiн бекiту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi. «Жетісу» ӘКК» АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады. 6. «Жетісу» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар «Жетісу» ӘКК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум. ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |