|
|
|
Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік (2010.04.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесі; 2) Сот сараптамасы қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. ҚР Үкіметінің 2010.04.06. № 514 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 504 қаулысымен Бекітілген
Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Сот сараптамасы туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сот сараптамасы қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру тәртібін айқындайды. 2. Сот сараптамасы қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - лицензиар) осы қызмет түрін мемлекеттік реттеу мақсатында жүзеге асырады. 3. Лицензия лицензиар бекіткен Сарапшы мамандықтары тізбесіне сәйкес сот сараптамасы зерттеуінің белгілі бір түріне беріледі. 4. Лицензиялық құжаттарды, берілген лицензиялардың көшірмелерін есепке алу мен сақтауды және оларды тіркеуді лицензиар жүзеге асырады. 5. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған адамдар Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
6. Сот сараптамасы қызметін жүзеге асыруға лицензия біліктілік талаптарына жауап беретін жеке тұлғаға беріледі. 7. Лицензиат лицензия алар алдында біліктілік емтихандарын тапсыруға міндетті. 8. Біліктілік емтихандарын тапсыру тәртібі, сондай-ақ сарапшыларды аттестаттаудан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Ережемен айқындалады. 9. Сот сараптамасы қызметін жүзеге асыруға лицензия беру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот сараптамасы қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады. 10. Сот сараптамасы қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның құрамына лицензиардың және Қазақстан Республикасы сот сараптамасы органдарының өкілдері енгізіледі. 11. Комиссияның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Сот сараптамасы қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ережемен реттеледі. 12. Лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды: 1) өтінішті; 2) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 4) қызметтің осы түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты; 5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады. 13. Лицензиар он күн мерзімде лицензияны береді не лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) Заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады; 3) лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген; 5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. 1) лицензия алып қойылғанда; 2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда; 3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда; 4) осы қызмет түрі лицензияланатындардың тізбесінен алып тасталғанда; 5) заңнамада көзделген өзге де жағдайларда лицензияның қолданылуы тоқтатылады. 16. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті. 17. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 504 қаулысымен Бекітілген
Сот сараптамасы қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
Сот сараптамасы қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) жоғары білімінің; 2) кемінде бес жыл сарапшылық жұмыс өтілінің; 3) мынадай пәндерден: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот сараптамасы қызметін ақпараттандыру негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің; 3) «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414 қаулысымен бекітілген Сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |