Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін (2007.30.03. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 30 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгісіне осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін сәйкес келген жеке және заңды тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді алу үшін уәкілетті органға тиісті құжаттарды 2006 жылғы 1 шілдеге дейін береді. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің «Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызмет кезеңі аралығында 25 проценттен артық акцияларды тікелей немесе жанама иелену, өкім жүргізу және/немесе басқару құқығын иеленуге рұқсат беру Ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 9 наурыздағы № 31-П бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 484 тіркелген); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|