«Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы Қазақстан
Осы редакция 2007 ж. 29 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байқоңыр» кешенi объектiлерiнiң мүлкiн сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 шiлдедегi № 946 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. «Байқоңыр» кешенiнiң Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген және құрамынан шығарылатын объектiлерi мүлкiнiң негiзiнде, шаруашылық жүргiзу құқығында "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорны құрылсын. 2. «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн; "Байқоңыр" кешенiнiң Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген және құрамынан шығарылатын объектiлерiнiң сақталуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету; аталған объектiлердi конверсиялау жобаларын әзiрлеу және жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 07.06.01 ж. № 770; 28.10.04 ж. № 1111 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. ҚР Үкіметінің 07.06.01 ж. № 770 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына "Инфракос-Экос" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат берілсін. 4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi бір ай мерзiм iшiнде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құрылтайшылық құжаттарын дайындап, "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын мемлекеттік тiркеудi iске асырсын. 5. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының Байқоңыр қаласында орналасатын жерi айқындалсын. 6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына шаруашылық жүргiзу құқығында "Байқоңыр" кешенiнiң Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кiрмеген және құрамынан шығарылатын объектiлерiнiң мүлкiн белгiленген тәртiппен беретiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |