Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу
Осы редакция 2007 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктері жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін: Алпысбаев - Қазақстан Республикасының Ұлттық Қаныш Хасанұлы қауіпсіздік комитеті Арнаулы ақпараттық қызметінің 1-орталығы бастығының бірінші орынбасары (келісім бойынша) Жақыпбеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық Сембек Сәбетұлы қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланысты қамтамасыз ету орталығы бастығының бірінші орынбасары (келісім бойынша) көрсетілген құрамнан Асанов Қадыржан Нәжентайұлы, Қанғожин Бекболат Рашитұлы шығарылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Үкіметтік байланыс агенттігі" деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланысты қамтамасыз ету орталығы"; 3) "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 42, 485-құжат): 3-тармақ алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|