Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн: 1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында: "Лицензияланатын қызмет түрлерi" деген бағанда 1-тараудың 4-тармағының 14) тармақшасындағы "және өткізу" деген сөздер алынып тасталсын; 2) "Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1348 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 46, 464-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктiлiк талаптарындағы 3) тармақша алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|