Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік (2007.12.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 31 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 2.3.3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.03.05 № 362 (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2007.12.04 № 294 Қаулыларымен 1-тармақ толықтырылды 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі, «ҚазАгро» ұлттық холдингі және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдарынан басқа, акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар), заңнамада белгіленген тәртіппен жыл сайын: 1) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 2) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 3)-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 3) ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын қарау және бекіту кезiнде: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысымен бекітілген II топтағы мемлекеттік органдардың орталық аппаратына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне ұқсас акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсiпорындардың) қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативiне; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың уақытша нормаларынан аспайтын мөлшерде акционерлік қоғамдардың (мемлекеттік кәсіпорындардың) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларына; оларға сәйкес тәулiкақы мөлшерi және тұрғын үйдi жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу үшiн шектi мөлшерлер Қазақстан Республикасының шегіндегі iссапарлар үшiн "Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысымен" белгiленген шетел валютасындағы iссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауы тиiс "Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысымен бекітілген ережеге ұқсас. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсiпорындардың) қызметкерлерiне шығыстарын өтеу тәртібі мен шарттарына сәйкес кейбір шығыстардың лимиттерiн бекiтсiн; ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 4)-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 4) бiрiншi басшылар мен олардың орынбасарларына ұялы байланысты пайдалану құқығын беру кезiнде акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (мемлекеттік кәсiпорынның) қаражаты есебiнен өтелетiн шығыстардың лимиттерiн белгiлесiн; ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 5)-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5) мемлекеттік органмен (мемлекеттік кәсіпорындар үшін мемлекеттік басқару органымен) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсіпорындардың) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын келісу міндеттілігін қамтамасыз етсін; 6) "Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк шығыстардың және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетін тәулiкақы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысымен белгiленген нормаларға сәйкес өкiлдiк шығыстарының лимиттерiн белгiлесiн. 2. Осы қаулының күші қолданылатын, басым (монополиялық) орын алатын табиғи монополия субъектiлерi мен рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетудi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруiне және ұсынуына бағаларды (тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығыстардың лимиттерi монополияға қарсы заңнамаға сәйкес анықталады. 3. "Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 30, 389-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1, 2, 3-тармақтар алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|