«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»
Осы редакция 2007 ж. 26 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1) «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат): Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-жолмен толықтырылсын: «20. «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ»; 2) «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 12-тармақта: «Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі; Қосынов Алмас Олжабайұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары; Тұржанов Серік Әбдіғалиұлы - «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары; Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы; Тәшенев Бақытбек Хәкімұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары; Батырғажин Азамат Байқуанышұлы - «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы»; 3) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 184-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын: «14. «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|