Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы 3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, секьюритилендіру кезінде талап ету құқығын басқаға беруді жүзеге асыру және арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарудың ерекшеліктерін айқындайды, оригинаторға қойылатын, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға; 2) арнайы қаржы компаниясындағы бөлектеп есепке алу - арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін, облигацияларын (оның ішінде олар бойынша есептелген купонды) заңды тұлға ретіндегі арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік балансына енгізбеу; 3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары - эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар; 4) арнайы қаржы компаниясының өз қаражаты - заңды тұлға ретіндегі арнайы қаржы компаниясының активтері, міндеттемелері, меншікті капиталы және секьюритилендіру мәмілесі аяқталғаннан кейін алынған (шеккен) кірісі (залалы). Арнайы қаржы компаниясының өз қаражатына арнайы қаржы компаниясы бөлген активтер, облигациялар (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) кірмейді; 5) аффилиирленген тұлғалар - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәмілеге байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда); 6) басқарушы агент - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясының уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөніндегі қызметін көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы; 7) болашақтағы талап ету құқықтары - талап ету құқықтарын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін туындайтын талап ету құқықтары; 8) бөлінген активтер - арнайы қаржы компаниясы алатын талап ету құқықтары, олар бойынша түсімдер, қосымша қамтамасыз ету, бөлінген активтер бойынша түсімдерді инвестициялау нәтижесінде, сондай-ақ осы құқықтар мен қаржы активтерін іске асыру нәтижесінде туындайтын құқықтар мен қаржы активтері; 9) дебитор - оригинатор алдында қазіргі немесе болашақ ақшалай міндеттемесі бар тұлға; 10) қазіргі талап ету құқықтары - талап ету құқықтарын басқаға беру шартын жасасқан кезде болатын талап ету құқықтары; 11) қосымша қамтамасыз ету - талап ету құқықтарынан басқа, арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигацияларды қосымша қамтамасыз ету, оның құрамына облигациялар шығарылғанға дейін арнайы қаржы компаниясының мәмілелер жасасуы нәтижесінде туындайтын құқықтар мен қаржы активтері кіреді; 12) оригинатор - секьюритилендіру мәмілесін жасасу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 13) секьюритилендіру - бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талапты басқаға беру негізінде қаржыландыру; 14) секьюритилендіру мәмілесі - арнайы қаржы компаниясының талап ету құқығын алуы және бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару; 15) талап ету құқықтары - оригинатордың негізгі қызмет түрін жүзеге асыру процесінде туындайтын ақшалай талаптар; 16) талап ету құқықтарының біркелкілігі - талап ету құқықтарының облигациялар шығару проспектісінде айқындалған жалпы объективті өлшемге сәйкестігі; 17) талап ету құқықтары бойынша түсімдер - дебиторлардың міндеттемелері бойынша ақшалай нысандағы түсімдер; 18) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, секьюритилендіру мәмілелеріне және арнайы қаржы компаниясының қызметіне байланысты қатынастарға қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Оригинатор және арнайы қаржы компаниясы
3-бап. Оригинаторға қойылатын талаптар 1. Оригинатор құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) жарғылық капиталдың мөлшерін толығымен төлеген не өздері сатып алған оригинатордың акцияларын құрылтай шартына сәйкес толығымен төлеген заңды тұлға болып табылады. 2. Оригинатор бір мезгілде секьюритилендірудің бірнеше мәмілелерін жүзеге асыруға қатысуға құқылы. 3. Оригинаторда секьюритилендіру мәмілелерін жасасқанға дейінгі соңғы бір жылдағы аудиторлық есеп болуға тиіс.
4-бап. Арнайы қаржы компаниясын құру және оның қызметі 1. Арнайы қаржы компаниясын оригинатор немесе өзге тұлға акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құра алады. Арнайы қаржы компаниясының жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылады. 2. Арнайы қаржы компаниясының атауында "арнайы қаржы компаниясы" деген сөздер болуға тиіс. Атауында»АҚК аббревиатурасын пайдалану арқылы арнайы қаржы компаниясының атауын қысқартуға жол беріледі. Арнайы қаржы компаниясының атауында оригинатордың немесе арнайы қаржы компаниясы құрылтайшыларының фирмалық атауына байланысты сөздерді пайдалануға жол берілмейді. 3. Облигациялар өтелгенге дейінгі кезеңде арнайы қаржы компаниясы дербес немесе басқарушы агентті тарту арқылы бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді облигациялар шығару шарттарында белгіленген тәртіппен, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін қаржылық құралдарға инвестициялауы мүмкін. 4. Егер арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялауды дербес жүзеге асырса, оның штатында бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға жіберу құқығы берілген біліктілік куәлігі бар қызметкер болуға тиіс.
5-бап. Арнайы қаржы компаниясының аудиті Арнайы қаржы компаниясы жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге міндетті.
6-бап. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату 1. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату арнайы қаржы компаниясы облигацияларының бүкіл шығарылымын өтеу қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкін. 2. Уәкілетті орган арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру туралы арнайы қаржы компаниясының өтініші негізінде шешім шығарады және өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бұл туралы арнайы қаржы компаниясына жазбаша түрде хабарлайды. Уәкілетті орган ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бас тартудың негізін көрсете отырып, бұл туралы арнайы қаржы компаниясын жазбаша түрде хабардар етеді.
3-тарау. Секьюритилендіру мәмілелерінің ерекшеліктері
7-бап. Секьюритилендіру объектілері 1. Секьюритилендіру объектілері болып табылатын талап ету құқықтары біркелкі болуға тиіс. 2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша түсімдерді өзі шығарған облигациялар бойынша міндеттемелерін орындауға және бір секьюритилендіру мәмілесі шеңберінде көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуге, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда қаржы құралдарына инвестициялауға пайдаланады. Секьюритилендіру мәмілесі процесінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу шығарылған облигациялар бойынша орындалмаған міндеттемелер болмаған кезде ғана жүргізіледі.
1. Әрбір секьюритилендіру мәмілесі бойынша бөлінген активтер арнайы қаржы компаниясының өз қаражатынан және өзге де кез келген секьюритилендіру мәмілесіне қатысты не кез келген өзге тұлғаның меншігіндегі кез келген өзге активтерден бөлектелген. Бір мәміле шеңберінде облигациялық бағдарлама бойынша облигациялар шығаруды қоспағанда, арнайы қаржы компаниясының бір секьюритилендіру мәмілесі шеңберінде келесі облигациялар шығарылымдарын шығаруға құқығы жоқ. 2. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларды шығару проспектісі мемлекеттік тіркелген күннен бастап осы Заңға сәйкес арнайы қаржы компаниясы облигацияларының осы шығарылымының қамтамасыз етілуі болып табылатын бөлінген активтерді өндіріп алу арнайы қаржы компаниясының міндеттемелерін орындауға және осы секьюритилендіру мәмілесіне байланысты көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуге ғана аударылуы мүмкін. Арнайы қаржы компаниясы облигацияларының осы шығарылымының қамтамасыз етілуі болып табылатын бөлінген активтерді өндіріп алу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылуға тиіс: 1) бірінші кезекте арнайы қаржы компаниясының өзі шығарған облигациялары бойынша міндеттемелері орындалады; 2) екінші кезекте осы секьюритилендіру мәмілесіне байланысты көрсетілген қызметтердің ақысын төлеу жүргізіледі. 3. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар ұстаушылардың алдындағы міндеттемелері осы облигациялардың шығарылымы бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер есебінен өтеледі.
9-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты бойынша оригинатор өзінің дебиторлармен қатынастарынан туындайтын дебиторларға қойылатын болашақтағы немесе қазіргі талап ету құқықтарын береді немесе оны беруге міндеттенеді, ал арнайы қаржы компаниясы осы талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген облигацияларды орналастырудан алынған ақша қаражатын оригинаторға беру арқылы оларды сатып алуды жүзеге асырады. 2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, оригинатор дебиторлардан басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асырады. 3. Секьюритилендіру мәмілесі бойынша басқаға беру нысаны болып табылатын талап ету құқықтары оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасындағы шартта шарт жасасу кезінде орын алған ақшалай талап, ал болашақ талап - ол туындаған кезден кешіктірмей белгілеуге мүмкіндік беретіндей болып айқындалуға тиіс. 4. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шарты Азаматтық кодекстің 346-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жазбаша түрде жасалуға тиіс. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру шартының жазбаша түрде жасалуын сақтамау оның жарамсыз болуына әкеп соқтырады. 5. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы дебиторлардан талаптарды орындау үшін алынған талап ету құқықтары бойынша барлық түсімдерді алу құқығына ие болады. Оригинатор талап ету құқықтары бойынша түсімдердің арнайы қаржы компаниясының осы құқықтарды алу үшін оригинаторға төлеген сомасынан кем болғаны үшін арнайы қаржы компаниясының алдында жауаптылықта болмайды.
10-бап. Бөлінген активтерді басқару 1. Басқарушы агент инвестициялық портфельді басқару шартының негізінде инвестициялауды жүзеге асырады. Инвестициялық портфельді басқару шартына мүлікті сенімгерлік басқару шартының ережелері қолданылады. 2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптардан басқа, инвестициялық портфельді басқару шарты: 1) бөлінген активтер құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақшаның түсу шарттары, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібін; 2) басқарушы агенттің секьюритилендіру мәмілелеріне қатысушылармен, оның ішінде қосымша қамтамасыз ету мәмілелерін жасасу бойынша өзара әрекет ету тәртібін; 3) кастодиан-банкпен бірге бөлінген активтердің құнына, қозғалысына және құрамына салыстыру жүргізу тәртібін; 4) облигацияларды ұстаушыларға, олардың өкіліне және уәкілетті органға ақпаратты жария ету тәртібін қамтуға тиіс. 3. Инвестициялық портфельді басқару шарты, шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар, мынадай жағдайлардың бірінде: 1) шарт тараптарының бірінің бастамасы бойынша; 2) уәкілетті орган басқарушы агенттің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруына берген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда бұзылуы мүмкін. Инвестициялық портфельді басқару шартын бұзудың бастамашысы оны бұзудан күнтізбелік отыз күн бұрын шарт тарапына жазбаша хабарлауға міндетті. Басқарушы агенттің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясын кері қайтарып алынған, оның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, басқарушы агент бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясына жазбаша хабарлауға міндетті. Инвестициялық портфельді басқару шарты жаңа басқарушы агентке арнайы қаржы компаниясының уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілетін активтерін салыстыру рәсімдері аяқталғаннан кейін бұзылған болып есептеледі.
11-бап. Секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беру 1. Қазіргі талап ету құқығы, облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінен бастап жасасқан шарт бар болған жағдайда, арнайы қаржы компаниясына ауысқан болып есептеледі. 2. Болашақ талап ету құқығын басқаға берген кезде осы баптың 1-тармағында көзделген талап болған жағдайда, шартта көзделген басқаға беру талабының мәні болып табылатын ақша алу құқығының өзі туындағаннан кейін арнайы қаржы компаниясына ауысқан болып есептеледі. Осы құқық туындаған кезде болашақ талап ету құқығын кейіннен басқаға беруді қосымша ресімдеу қажет етілмейді. Егер ақшалай талап етуді басқаға беру белгілі бір оқиғамен байланысты болса, онда ол осы оқиға басталғаннан кейін күшіне енеді.
12-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау 1. Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан-банктің шоттарында сақталады және есепке алынады. 2. Кастодиандық шарт кастодиан-банк, арнайы қаржы компаниясы, басқарушы агент арасында жасалады. 3. Кастодиандық үлгі шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. 4. Кастодиан-банк басқарушы агенттің тапсырмалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкілетті орган мен арнайы қаржы компаниясына дереу хабарлай отырып, оларды оқшаулауға (орындамауға) міндетті. Егер арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша бос түсімдерді инвестициялауды дербес жүзеге асырса, бұл жағдайда кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясының тапсырмалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкілетті органға дереу хабарлай отырып, оларды оқшаулауға (орындамауға) міндетті. 5. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 6. Кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясына оның шоттарының жай-күйі туралы ай сайын хабарлап отырады. 7. Кастодиандық шарт бір мезгілде бір кастодиан-банкпен ғана жасалуға тиіс. 8. Кастодиандық шарт, шарт бойынша міндеттемелердің тоқтатылуының жалпы негіздерімен қатар, мына жағдайлардың бірінде: 1) арнайы қаржы компаниясы атқарушы органының тиісті шешімінің негізінде; 2) басқарушы агенттің талабы бойынша; 3) кастодиан-банктің шешімі бойынша; 4) уәкілетті орган кастодиан-банктің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруына берген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда бұзылуы мүмкін. Кастодиан-банктің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы кері қайтарып алынған, оның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, кастодиан-банк бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясына жазбаша хабарлауға міндетті. Кастодиандық шартты бұзудың бастамашысы шарттың тараптарына шартты бұзудың белгіленген күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлауға міндетті. Кастодиандық шарт арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беру рәсімдерін аяқтағаннан кейін бұзылған болып есептеледі.
13-бап. Секьюритилендіру мәмілелері бойынша есепке алу және есептілік 1. Арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп жүргізеді және арнайы қаржы компаниясының өз қаражаты мен бөлінген активтері, облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) бойынша бөлек қаржылық есептілікті ұсынады. 2. Уәкілетті орган осы облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіткеннен кейін қалған облигациялар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер арнайы қаржы компаниясының кірісіне (залалына) жатқызылады. 3. Арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілік жасау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 4. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясының активтерін, сондай-ақ облигациялармен жасалған мәмілелерді есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
14-бап. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларды шығару ерекшеліктері 1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарынан басқа, арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару (облигациялық бағдарлама) проспектісі мынадай мәліметтерді: 1) оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдер жинауды жүзеге асыратын тұлғаның атауы мен орналасқан жерін; 2) оригинатордың қызметінің нысанасын, секьюритилендіру мәмілесіндегі құқықтары мен міндеттерін; 3) талап ету құқықтарының сипаттамасын, бөлінген активтер құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсу шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін; 4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібін; 5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуге байланысты шығыстарды және арнайы қаржы компаниясына бөлінген активтерден осы шығыстарды шегеруге құқық беретін шарттарды; 6) секьюритилендіру мәмілесі тараптарының аффилиирленгендігін; 7) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесі бар екендігін; 8) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтердің мөлшерін, құрамын және өсімінің болжамды талдамасын; 9) қосымша қамтамасыз ету туралы; 10) облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу шарттары мен тәртібін; 11) талап ету құқықтарының біркелкілік өлшемдерін; 12) осы облигациялық бағдарламаның шегінде шығарылған әр түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеудің кезектілігін; 13) облигация ұстаушылардың өкілі туралы мәліметті қамтуға тиіс. 2. Оригинатордың соңғы жылдағы аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясының арасында жасасқан осы секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы кәсіпорнының облигациялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады. 3. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын орналастыру және өтеу нәтижелері туралы есептерді қарап, бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша секьюритилендіру мәмілесі мен арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды көрсететін қосымша есептілік ұсынылады. 4. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкілі оригинатордың аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.
15-бап. Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
16-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2006 жылғы ақпанның 20-сы. № 126-III ҚРЗ
|