|
|
|
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1554 Қаулысымен күші жойылды
Ережесі. ҚР Үкіметінің 2011.15.12. № 1534 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.15.12. № 1534 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысымен бекітілген
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары: 1. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлға қызметкерінің пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты болатын мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты теріс көрсеткіштерінің (психикалық ауруларының, алкоголизмнің немесе нашақорлықтың) жоқтығы туралы медициналық анықтамаларының бар болуын қамтиды; 2. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін: 1) лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның, заңды тұлғаның пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын басшысы мен оның орынбасарының қызметтің көрсетілген түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды бітіргендігі туралы куәліктерінің, тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі; 2) қызметтің көрсетілген түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды бітіргендігі туралы куәлігі бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуін білікті тексеруден өткен білікті мамандардың; 3) өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынатын өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы қоймалардың; 4) жасау, сақтау, тасымалдау, сату, пайдалану және кәдеге жарату кезінде өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті толық ақпарат беруді қамтамасыз ететін конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасы жиынтығының (сызба, техникалық жағдайлар, технологиялық үдеріс, пайдалану, (қолдану және тағы басқа) жөніндегі нұсқаулықтардың (ұсынымдардың); 5) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған тіркелген зертханалық базаның; 6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуінің бар болуы қосымша талап етіледі. 3. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды жасауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін: 1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуін білікті тексеруден өткен лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын басшысы мен оның орынбасарының көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды бітіргендігі туралы куәлігінің; 2) көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды бітіргендігі туралы куәлігі бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуін білікті тексеруден өткен жабдықтарды, тетіктерді, құрылғыларды, жарақтарды, көлікті, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы қауіпсіз пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін білікті мамандардың; 3) жасау, сақтау, тасымалдау, сату, пайдалану және кәдеге жарату кезінде өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті толық ақпарат беруді қамтамасыз ететін конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасы жиынтығының (сызбалар, техникалық жағдайлар, технологиялық үдіріс, пайдалану, (қолдану және тағы басқа) жөніндегі нұсқаулықтардың (ұсынымдардың); 4) пиротехникалық бұйымдарды жасауға, сақтауға және кәдеге жаратуға арналған және мыналарды: белгіленген тәртіппен технологиялық операцияларды орындауға жіберілген технологиялық және көмекші жабдықтарды; өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған қойманы; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған тіркелген зертханалық базаны; пиротехникалық бұйымдарды бақылау сынағынан өткізуге арналған арнайы жабдықталған аумақты; пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөлікті; өртке қарсы қорғаныс құралдарын (өрт дабылдамасы мен өрт сөндіру), өртті сөндіру үшін қажетті өртке қарсы сумен жабдықтауды және арнайы құралдардың есептік қорын, өрт шыққан жағдайда персоналдың іс-әрекеттер жоспарын қамтитын белгіленген талаптарға жауап беретін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік-техникалық базаның; 5) жұмысты қауіпсіз жасау жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың; 6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуінің бар болуы қосымша талап етіледі. 4. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдаланумен, сатумен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін: 1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуін білікті тексеруден өткен лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын басшысы мен оның қызметкерінің көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды бітіргендігі туралы куәлігінің; 2) өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған қоймалардың; 3) пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөліктің; 4) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуінің бар болуы қосымша талап етіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |