Осы редакция 2007 жылғы 3 қыркүйекке енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен Бекiтiлген ҚР Үкіметінiң 2006.16.05. № 405 Қаулысымен тақырыбындағы және мәтіндегі «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат (2006.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретiне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттің негiзгi мiндеттерi бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру, оның iске асырылуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. 2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлген болса, оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретінiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндетті күші бар төрағаның бұйрықтарымен ресiмделетін шешiмдер қабылдайды. 5. Комитеттің штат санының лимитін және құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты. 7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң функциялары және құқықтары 10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады: ҚР Үкіметінiң 2005.27.05. № 522 (бұр. ред. қара); 2006.16.05. № 405 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді 1) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар: өз құзыретінiң шегiнде Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету және қорғау; Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын толықтыруды, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру; бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы халықаралық шарттардың ережелерiн iске асыру; мемлекеттік салалық стандарттарды, нормативтік-техникалық құжаттаманың техникалық шарттарын енгiзудi қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдарында республиканың жалпы ұлттық мемлекеттік даму стратегиясын түсiндiру мен насихаттауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасына шет елдегi оның тарихы жөніндегі мұрағаттық құжаттарды жинақтауды және қайтаруды ұйымдастыру; ведомстволық мұрағаттар жұмысын және iс қағаздарын жүргiзудi ұйымдастыруды салааралық ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елдерге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қою; баспа және полиграфия қызметiнiң, мұрағат iсi және iс қағаздарын жүргiзудiң жай-күйiн талдау; Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын шығаруды, сондай-ақ оларды мемлекеттiң, қоғамның және азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалануды ұйымдастыру; құжаттардың, мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының ғылыми және практикалық құндылығына сараптаманы ұйымдастыру; мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының жергілiктi мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру; мұрағаттану, құжат iсiн жүргiзу және археография саласында мұрағат органдары мен мекемелерінің ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмысын ұйымдастыру және үйлестiру; Комитеттің құзыретіне кiретiн мәселелер жөнiнде ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыру; газет-журналдық, дыбыс-бейне және өзге де отандық және шетелдiк ақпарат өнiмдерiн талдауды жүзеге асыру; Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпараттық желi және дерекқор құру жөнiндегі жұмысты жүргiзу; Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; мұрағат құжаттарын аса құнды және бiрегей құжаттарға жатқызу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру көшiрмелерiн жасау мен сақтау тәртібін айқындау; жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға арналған конкурстар өткізу жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру; телевизия және радиохабарларын таратудың, баспа және полиграфия кәсiпорындарының, республикалық мұрағат мекемелерiнiң мемлекеттік желісін басқару жөнiндегі жұмысты ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды жүргiзу; Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу; сақтау мерзiмi бар құжаттардың ведомстволық тiзбелерiн, мұрағат iсi мен iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi жөніндегі салалық стандарттарды, нұсқаулықтар мен оқу бағдарламаларын келiсу; Қазақстан Республикасы Үкiметінің web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету; жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі қызметін үйлестіру; автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзірлеуді және енгізуді ұйымдастыру. ҚР Үкіметінiң 2005.27.05. № 522 (бұр. ред. қара); 2006.16.05. № 405 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2) тармақша өзгертілді 2) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ететiн функциялар: баспа және полиграфия қызметi, мұрағат iсi және құжаттама саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; лицензиаттың лицензияда көрсетiлген шарттардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдау; Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және тарих пен мәдениеттiң деректi ескерткiштерiн қорғау және пайдалану жөніндегі, баспа және полиграфия қызметi саласындағы баспа өнiмiнiң сапасына бақылауды жүзеге асыру; іс жүргізудің жай күйіне және мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардағы құжаттардың сақталуына тексеру жүргізу; бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына лайықталғандарды да есепке қоюды жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәлiктiң күшін жою (күші жойылды деп тану) туралы шешiм қабылдау; телевизия және/немесе радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру; заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағындағы деректi ескерткiштердi жинауға, Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге арнайы рұқсат беру. 11. Негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшін Комитеттiң заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) Комитеттiң құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан ақпарат сұратуға; 2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге; 3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзiмдi басылымдардың және кiтап өнімдерінің бақылау даналарын тегiн алуға; 4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн мұрағат iсi және іс қағаздарын жүргізудің жай-күйі мәселелерi бойынша тыңдауға; 5) өз құзыретi шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне басшылықты жүзеге асыруға құқығы бар. 12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады және оған берiлген мүлiктi пайдалану және иелiк ету құқығын жүзеге асыра алады. Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебiнен құралады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерімінде көрсетiлген өзге де мүліктен тұрады. 13. Комитетке бекітілiп берiлген мүлік республикалық меншікке жатады. 14. Комитеттiң өзiне бекiтілiп берген мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билік жүргізуге құқығы жоқ. Комитетке республика заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк жүргiзу құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитет қызметiн ұйымдастыру 15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. 16. Төрағаның, санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орынбасарлары болады. 17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және өзiне жүктелген міндеттердің орындалуы және функциялардың жүзеге асырылуы үшін дербес жауаптылықта болады. 18. Осы мақсатта Комитет төрағасы: 1) өз орынбасарларының және Комитет құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкілеттіктерi және мiндеттерiн айқындайды; 2) Комитет қызметкерлерiн заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) өз құзыретінің шегiнде Комитеттiң, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерi орындауға мiндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi; 4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң келісімi бойынша Комитеттiң штаттық кестесiн бекiтедi; 5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитеттi білдiредi; 6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың жарғыларын бекiтедi; 7) өз құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 19. Комитетте консультативтік-кеңесшi орган - алқа құрылады, оның сандық және жеке құрамын төраға айқындайды. 1) Мұрағат iсi және құжаттама саласындағы ғылыми проблемаларды қарау жөніндегі кеңес; 2) Ұлттық мұрағат қорының көздерi мен құрамы және құжаттардың құндылығын сараптау туралы мәселелердi қарау үшiн Орталық сараптау-тексеру комиссиясы; 3) Әдiстемелiк кеңес; 4) Әлеуметтік маңызы бар әдебиетті қалыптастыру жөніндегі сараптама комиссиясы жұмыс iстейдi. Комитет жанындағы кеңес пен комиссиялар туралы ережелердi, олардың құрамдарын Комитет төрағасы бекiтедi. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 21. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен Бекiтiлген ҚР Үкіметінiң 2006.16.05. № 405 Қаулысымен құрылымы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң құрылымы 1. Басшылық. 2. Бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы: электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімі; бұқаралық ақпараттың баспа құралдарының мониторингі бөлімі; баспа ісі бағдарламаларын қалыптастыру және кітап өнімдерінің сапасын бақылау бөлімі. 3. Лицензиялау және есепке алу басқармасы: есепке алу бөлімі; лицензиялау және телекоммуникациялар бөлімі. 4. Мұрағаттар мен құжаттама басқармасы: мұрағаттар қызметін ұйымдастыру және бақылау бөлімі; мемлекеттік іс жүргізуді және ведомстволық мұрағаттардың жұмысын реттеу, бақылау бөлімі; мұрағаттық технологиялар және ақпараттық қызметтер бөлімі. 5. Қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және ұйымдық-құқықтық жұмыс басқармасы: қаржы-экономикалық бөлім; ұйымдық-құқықтық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесi ҚР Үкiметінiң 2005.01.03. № 183; 2005.20.09. № 928 (бұр.ред.қара); 2006.16.05. № 405 (бұр. ред. қара); 2006.19.07. № 692 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар 1. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ. 2. "Хабар" Агенттігi" АҚ. 3. "Егемен Қазақстан" республикалық газетi" ААҚ. 4. "Казахстанская правда" республикалық газетi" АҚ. 5. "Қазақ газеттерi" ЖАҚ. 6. "Жас өркен" ЖШС. 7. "Жалын" журналы" ЖШС 8. "Қазбаспасөз" ААҚ. 9. "Қазақ ақпарат агенттiгi" ұлттық компаниясы" АҚ.
Мұрағат iсi саласындағы ұйымдар 10. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттік орталық мұрағаты» ММ. 11. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң кинофотоқұжаттар және дыбыстық жазбалар Орталық мемлекеттік мұрағаты» ММ. 12. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік мұрағаты» ММ. 13. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң Мемлекеттік мұрағаттардың деректi материалдарын шағынфотокөшіру және қайта жаңарту орталық зертханасы» ММ. 14. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Құжат жүргізу және мұрағат iсi жөніндегi ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» ММ. 14.1 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы» ММ. 14-2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» ММ.
Баспа және полиграфия ұйымдары 15. ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 928 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16. ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 928 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 17. "Қарағанды полиграфиясы" АҚ. 18. "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС. 19. "Елорда" баспасы" PMK. 20. "Баспалар үйi" АҚ. 21. "Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы" ММ.
|