Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы
Осы редакция 2007 жылғы 29 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 610 қаулысымен Бекітілген
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары
Ескертпе: * Лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары: мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану - 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК); тау-кен, мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану - 10 АЕК. ** Лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары: азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау - 10 АЕК. Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын сатып алу - 3 АЕК. *** Лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары: азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, өткізу - 10 АЕК. Азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу - 3 АЕК. **** Банк операцияларына байланысты қызметті лицензиялау үшін лицензиялық алым ставкалары: екінші деңгейдегі банктер үшін - 80 АЕК; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін - 40 АЕК. ***** тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялағаны үшін лицензиялық алым ставкалары 11990 теңгені құрайды.
****** Тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялардың телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгені құрайды.
******* Тауарлардың экспорты мен импортына лицензияларды қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым ставкалары 1115 теңгені құрайды.
Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 610 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысы жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларының 1-тарауы 1-тармағының 8-1) тармақшасын қоспағанда (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі № 434 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 114-құжат). 3. «Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 794 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 243-құжат). 4. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 833 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 340-құжат). 5. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қазандағы № 1018 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 40, 421-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 269 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 144-құжат). 7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 842 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 393-құжат). 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 тамыздағы № 860 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 403-құжат). 9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 қарашадағы № 1233 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 583-құжат). 10. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 613 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 316-құжат). 11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 шілдедегі № 773 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 410-құжат). 12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 779 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 414-құжат). 13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 853 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 445-құжат). 14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 және 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 867 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 33, 452-құжат). 15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 және 2002 жылғы 17 шілдедегі № 794 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қыркүйектегі № 893 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 464-құжат). 16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1057 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 538-құжат). 17. "Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 1192 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 46, 596-құжат). 18. "Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 1270 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 628-құжат). 19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 желтоқсандағы № 1334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 652-құжат). 20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 168 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 9, 82-құжат). 21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 867 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы № 380 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 160-құжат). 22. "Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 931 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 398-құжат). 23. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1311 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 50, 541-құжат). 24. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 125 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 4, 57-құжат).
|