2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Осы редакция 2007 жылғы 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Мыналардың: 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 51-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 758292 мың теңге (жеті жүз елу сегіз миллион екі жүз тоқсан екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 «Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: стратегиялық саясатты жүргізу, туризм және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыруды, жоғары жетістіктер спортын және салауатты өмір салтын насихаттауды және дамытуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Спортқа және туристік индустрияға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: туризм және спорт саласындағы нормативтік қызметті; туризм және спорт саласындағы актілермен қамтамасыз ету ұйымдардың қызметіне жәрдемдесу; мемлекеттік тілді кемінде 55 адамға, ағылшын тілін кемінде 9 адамға үйрету; мемлекеттік қызметшілердің кемінде 3 адамның біліктілігін арттыру; туризм және спорт мәселелері бойынша кемінде 6 семинар мен тренинг өткізу; кемінде 15 ұйымды аккредиттеу. Түпкі нәтиже: туризм индустриясы мен спорттың одан әрі өсуіне қажетті жағдай жасау; туристік кластерді дамыту үшін ірі инвесторларды тарту; әлемдік спорт аренасында республика беделін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметшісін қаржыландырудың орташа шығыны 2931 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 84,7 мың теңгеден астам емес; бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 27,2 мың теңгеден астам емес; бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 27,2 мың теңгеден астам емес. Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде және жасалған шарттарға сәйкес орындау. Сапасы: мемлекеттік қызметшілердің қызметін кәсіби деңгейін арттыру арқылы жетілдіру; қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындығын арттыру. Мемлекеттік тілді үйрету курсынан өткеннен кейін іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 14,6 пайыз; ағылшын тілін үйрету курсынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 22,2 пайыз; біліктілікті арттыру курсын өткеннен кейін жоғары қызметке сайланатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 33,3 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 52-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Спорт бойынша білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 922657 мың теңге (тоғыз жүз жиырма екі миллион алты жүз елу жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы» 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында спортты дамыту, халықаралық спорт ареналарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дарынды балалардың таңдаған спорт түрімен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы қаласындағы «Шаңырақ» ықшам ауданында 400 орындық республикалық мектеп-интернаттың құрылысын аяқтау. Түпкі нәтиже: Объектілерді пайдалануға беру және спортта дарынды балаларға спортпен шұғылдануға және жаттығуға жағдай туғызу. Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобаны іске асыру тиімділігін талдау нәтижелері бойынша. Уақтылығы: жасалған шарттар бойынша жұмыс орындау жоспарына сәйкес. Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 53-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1050937 мың теңге (бір миллиард елу миллион тоғыз жүз отыз жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18 және 24-баптары; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 16 және 17-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласын қайта атау туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы № 900 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 673 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 629. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спортта дарынды балалардың жеке қабілетін дамыту және халықаралық деңгейдегі жоғары біліктілігі жоғары спортшыларды, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына үміткерлерді және мүшелерін даярлау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқушылардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайлар жасау, сапалы оқу-жаттығу процесі мен жаттығу сабақтарын ұйымдастыру, жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты жетілуге бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын спортшылармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қ.Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингенті - 260 адамды, Қ.Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингенті - 385 адамды, Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингенті - 150 адамды, Спортта дарынды балаларға арналған «Шаңырақ» ықшам ауданындағы республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқыту - 400 адамды құрайды. Қ. Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: жиhаз, тұрмыстық техника, автобус 1 бірлік, спорттық құрал-жабдық - кемінде 14 дана, асхана жабдығы - кемінде 7 дана, медициналық жабдық - кемінде 2 дана, сервер - 1 дана, жиынтық компьютер - кемінде 14 бірлік. К. Ахметов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: автокөлік (автомобиль, автобус) спорттық құрал-жабдық - кемінде 18 дана, кір жуғыш машина - 1 дана, мотор насостары - 2 дана, кабинеттерге арналған жабдықтар - кемінде 14 дана. К. Ахметов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. Риддер қаласындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: автобус, медициналық жабдық - кемінде 6 дана, сынып кабинеттеріне арналған жабдық - кемінде 3 дана, тұрмыстық жабдық - кемінде 5 дана, асхана жабдығы - кемінде 3 дана, спорттық құрал-жабдық - кемінде 25 дана. Спортта дарынды «балаларға арналған «Шаңырақ» ықшам ауданындағы республикалық мектеп-интернаты үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес, кемінде 35 бірлік, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу. Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне жабдықтар сатып алу: қазіргі бессайыс бөліміне 3 спорт аты, жүк тасушы, спорт құрал-жабдығы - кемінде 12 дана. Бұқаралық және қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне кемінде 3 жиынтық компьютер, шағын автобус - 1 дана. Кемінде 80 оқу-жаттығу жиындарын өткізу, олимпиадалық спорт түрлері бойынша кемінде 75 республикалық және кемінде 45 халықаралық жарысқа қатысу. Түпкі нәтиже: олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын халықаралық деңгейдегі білікті спортшылармен толықтыру және материалдық-техникалық базаны жақсарту. Қаржылық-экономикалық нәтиже: мектеп-интернаттарда бір оқушыны оқытуға кететін шығынның құны - 604,4 мың теңге және олимпиада резерві мектептерінде бір спортшының даярлығына кететін шығынның құны - 201,2 мың теңгені құрайды. Уақтылығы: халықаралық дәрежеде кемінде 182 спортшы даярлау және республика құрама командаларына келешегі бар үміткерлер дайындап шығару, оқу жоспары бойынша оқушылар даярлау және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық іс-шараларға қатысу. Сапасы: республикалық және халықаралық жарыстарда, сондай-ақ Олимпиада ойындарында жүлделі орындарды иеленуге және жоғары нәтижелер көрсетуге қабілетті спортшыларды даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 54-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 139195 мың теңге (бip жүз отыз тоғыз миллион бір жүз тоқсан бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 24, 43 және 44-баптары; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264 қаулысы; «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсіптік орта білімді, кәсіптік жоғары білімді, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлауға 2006/2007 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 485 қаулысы, «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамның дене шынықтыру және спорт саласында орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау, насихатталатын олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жоғары білікті спортшылармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кем дегенде 13 халықаралық жарысқа даярлану және қатысу. Республикалық спорт колледжінде жылдық орташа контингенті - 238 адамды оқыту. Республикалық спорт колледжіне мамандарды дайындау жағдайын қамтамасыз ету үшін негізгі құрал-жабдықтарын сатып алу: компьютер жиынтығы кемінде 13 дана және жатақхана үшін төсек кемінде 100 дана. Түпкі нәтиже: спорт ұйымдарында еңбекке орналасатын түлектердің үлесі - 60 пайызды, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратын түлектердің үлесі - 40 пайызды құрайды. Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқытуға кететін шығынның орташа құны - 528,9 мың теңге. Уақтылығы: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар кем дегенде 76 білікті маман даярлап шығару. Сапасы: біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 55-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған «Спорт объектілерін салу және реконструкциялау» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8689000 мың теңге (сегіз миллиард алты жүз сексен тоғыз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу, халықаралық спорт аренасында Қазақстанның беделін арттыру, спортшыларды даярлауға жағдайлар туғызу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматыны және бүкіл Қазақстанды азия өңірінің спорт көшбасшыларына айналдыратын жоғары дәрежелі спортшылар даярлау үшін қажетті базаны, әлемдік стандарттағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының кең желісін салу. Спорт ғимараттарының жағдайын жақсарту және халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға бейімдеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында күніне 290 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық велотректің және Алматы облысында күніне 487 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық олимпиадалық дайындық базасының құрылысы; Шучье қаласында күніне 380 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық шаңғы базасын салу. Туризм индустриясы объектілерінің құрылысына дайындықты қамтамасыз ету. |