III Азаматтық форумды өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 203-ө Өкімі
Осы редакция 2007 жылғы 27 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда III Азаматтық форумды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылсын.
2. Облыстар мен Алматы қаласының әкімдеріне III Азаматтық форумға қатысушылардың іссапар шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 30 шілдедегі
№ 203-ө өкіміне
Қосымша
III Азаматтық форумды дайындау және өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы
| Мусин Аслан Есболайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға |
| Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары |
| Соловьева Айгүл Сағадыбекқызы | - Қазақстан азаматтық альянсының президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
| Балиева Зағипа Яхянқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
| Дерновой Анатолий Григорьевич | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
| Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
| Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
| Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
| Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
| Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
| Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
| Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
| Мамин Асқар Ұзақбайұлы | - Астана қаласының әкімі |
| Байқадамов Болат Кенжекешұлы | - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша) |
| Досжан Ардақ Дүкенбайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
| Котенко Наталья Леонидовна | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі |
| Нәубетова Рашида Аронқызы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының бас инспекторы (келісім бойынша) |
| Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы | - Қазақстан дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрайымы (келісім бойынша) |
| Гуляев Сергей Николаевич | - «Десента» қоғамдық қорының (үкіметтік емес ұйымдарды дамыту және қолдау орталығы) бас директоры (келісім бойынша) |
| Кәрімбаев Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы | - «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
| Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері жалпыұлттық одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
| ЦеховойАлексей Филиппович | | | - «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша) |