|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күші бар
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 816 Қаулысымен күші жойылды
"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күші бар Жарлығының орындалуын қамтамасыз ету мақсаттарында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 168-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Әділет органдарына жүктелген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету үшін, жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу жөніндегі мекемелер мен кәсіпорындар, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу жөніндегі мемлекеттік басқа заңды тұлғалар бір ай мерзім ішінде оларға әкімшілік аудандарда филиалдар жүйесі бар мемлекеттік мекемелер нысанындағы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлік жөніндегі облыстық (қалалық) орталықтары (бұдан әрі - жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар) деген атау беріп (қайта құрып) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің басқаруына белгіленген тәртіпте берілсін. Аталған ұйымдарды беру олардың міндеттері, штаттық саны, материалдық-техникалық базасы және ұстау тәртібі сақталып жүргізілсін. 2. Қазақстан Республикасының министрліктері, ведомстволары, жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ жылжымайтын мүлік тіркелуін жүзеге асыратын ұйымдар жылжымайтын мүлікке деген құқықтар мен олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу міндеттерін жылжымайтын мүлік жөніндегі тиісті орталықтарға тапсырсын. ҚР Үкіметінің 2000.11.02. № 1656 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Құқықтық кадастрды тіркеу парағының (қоса беріліп отыр) нысаны бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жер қатынастары мен жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің және Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінің ведомствоаралық ынтымақтастығы туралы 1996 жылғы 12 сәуірдегі келісімде жазылған "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күші бар Жарлығын іске асыру жөніндегі мүдделі органдардың өкілеттіктеріне шек қоюға келісім берілсін. 5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі мен олардың жергілікті жерлердегі аумақтық органдары жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтар мен олардың филиалдарына жылжымайтын мүлікке деген құқықтар мен олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін қажетті ақпараттың өтеусіз берілуін қамтамасыз етсін. Жылжымайтын мүлік орталықтары Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігіне және жергілікті сәулет органдарына мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектілері туралы техникалық ақпаратты өтеусіз берсін. 6. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін: Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы уақытша ереже; Жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық номер берудің уақытша тәртібі. 7. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір айлық мерзімде жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтардың және олардың филиалдарының ақпараттық қызмет көрсетуі туралы ережені дайындасын және бекітсін. 8. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктері және ведомстволарымен келісе отырып, құқықтық және басқа кадастрларды құру мен жүргізу үшін заңгер және өзге кадрларды дайындау, қайта дайындау және олардың біліктілігін көтеру жөнінде белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізілсін. 9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті облыстар және Алматы қаласы әкімдерімен келісе отырып, бір айлық мерзімде жылжымайтын мүлікке құқықтар мен олармен жасалатын мәмілелері тіркеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық аппаратын, жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары мен олардың агенттіктерін қосымша қызмет үй-жайларымен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізсін. 10. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1997 жылдың 1 шілдедегі дейінгі мерзімде "Жылжымайтын мүлікті бағалау мен тіркеу туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 2, 15-құжат) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 қаңтардағы № 30 қаулысына қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізсін. 11. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары мен жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті бұрын шығарылған нормативті құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы № 236 қаулысымен бекітілген нысан
ҚР Үкіметінің 2000.11.02. № 1656 қаулысымен нысан жаңа редакцияда
Құқықтық кадастр тіркеу парағының нысаны
Кадастрлық № ______ ________ Тірк. іс № _______ № ______ парақ __________ 1-бөлім. Жер учаскесінің (жылжымайтын мүліктің) бірегейлендіру сипаттамасы -------------------------------------------------------------------- Жыл.!Кадастр.!Алдын.!Орналас.!Меншік.!Құрай.!Жердің! (ЖУ)!Пайдалану мүлік.!лық нө. !дағы !қан жері!тік ны.!тын ! (ЖУ) !бөлінуі! мақсаты тің !мірі !кадас.! !саны !саны !санаты! ! түрі ! !трлық ! ! ! ! ! ! ! !нөмір ! ! ! ! ! ! -------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 -------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы: -------------------------------------------------------------------- Қабаттылығы (АҮ)! Ауданы !Карта номенклатурасы,! Тіркеушінің Қабаты (ҚҮ) !----------------!жоспардың № ! ерекше !жалпы!Тұрғын. пайдалы! ! белгілері ! ! (АҮ және ҚҮ) ! ! -------------------------------------------------------------------- 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 --------------------------------------------------------------------
2-бөлім. Жылжымайтын мүлікке құқықтар тізілімі 2.1-бөлімше. Жылжымайтын мүлікке құқықтар (сервитуттарды қоспағанда) тізілімі 2.2-бөлімше. Жылжымайтын мүлікке сервитуттық құқықтар тізілімі
-------------------------------------------------------------------- Бөлімше!Жазба!Құқық!Мазмұны!Құқық иеленуші!Орт.!Үлесі!Сомасы!Мерзімі № ! № ! түрі! !--------------!меншік! ! ! ! ! ! !Жеке тұл. Т.А.Ә.,!нысаны!! ! ! ! ! !туған жылы және ! ! ! ! ! ! ! !азамат-ғы, заң. ! ! ! ! ! ! ! !Тұлғаның атауы ! ! ! ! ! ! ! !және тіркелген ! ! ! ! ! ! ! !жері, тір. № ! ! ! ! -------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 -------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы: -------------------------------------------------------------------- Құқықтың пайда болуы ! Құқықтың тоқтатылуы ! Тіркеушінің -------------------------!----------------------------! ерекше Құжаттың атауы !Тіркеу күні!Құжаттың атауы !Тіркеу күні! белгілері және № !және уақыты; !және № !және уақыты; ! !тіркеу. Т.А.Ә.! !тіркеу. Т.А.Ә.! !және қолы ! !және қолы ! -------------------------------------------------------------------- 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 -------------------------------------------------------------------- құрайтындар саны: ЖУ үшін - БҮ саны; БҮ үшін - ҚҮ саны немесе бөлме, егер бастапқы объекті жеке дара болса; ҚҮ үшін - бөлме саны 3-бөлім. Жылжымайтын мүлікке құқықтар жүктемелерінің (шектеулерінің) тізілімі 3.1-бөлімше. Жалға беру, сервитуттар, басқа да жылжымайтын мүлікке құқықтар жүктемелерінің (шектеулерінің) тізілімі
3.2-бөлімше. Кепілдіктер тізілімі -------------------------------------------------------------------- Бөлімше!Жаз.!Жүкте.!Мазмұны!Құқық иеленуші КөпшіҮлесі!Сомасы!Мерзімі № ! № !мелер ! !немесе өкілетті !лік ! ! ! ! !түрі ! !орган !түрі/ ! ! ! ! ! ! !-----------------!Орт. ! ! ! ! ! ! !Жеке тұл. Т.А.Ә.,!құқық ! ! ! ! ! ! !туған жылы және !нысаны! ! ! ! ! ! !азамат-ғы; заң. ! ! ! ! ! ! ! !Тұлғаның атауы, ! ! ! ! ! ! ! !тірк. Жері және ! ! ! ! ! ! ! !тіркеу № ! ! ! ! -------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8 ! 9 ------------------------------------------------------------------- таблицаның жалғасы: -------------------------------------------------------------------- Жүктемелердің пайда болуы ! Жүктемелердің тоқтатылуы !Тіркеуші. ! !нің ---------------------------!------------------------------!ерекше Құжаттардың атауы!Тіркеу күні!Құжаттардың атауы!Тіркеу күнібелгілері және № !және уақыты; !және № !және уақыты; ! !тіркеу. Т.А.Ә.! !тіркеу. Т.А.Ә.! !және қолы ! !және қолы ! -------------------------------------------------------------------- 10 ! 11 ! 12 ! 13 ! 14 -------------------------------------------------------------------- Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазу -------------------------------------------------------------------- Жабу/жалғастыру!Ауыстырылған жазулардың!Парақтың (жалғастыру Күні Тіркеуші үшін негіздер !(жабу кезінде) немесе !кезінде) немесе кад.!нің !соңғы жазулардың (жал. !нөмірі (бірігу, бө. !Т.А.Ә. !ғастыру кезінде) тізімі!лінуге байланысты !және ! !жабылған кезінде) !қолы -------------------------------------------------------------------- !2-бөлім! !3-бөлім! ! ! ! --------------------------------------------------------------------
ЖОБА
Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы № 236 қаулысымен бекітілген
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
Осы Ереже "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
Ереженің қолданылуы аясы
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеген кезде қолданылады. 2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 117-бабының 2-тармағында белгіленген ережелер бойынша жылжымайтын мүлікке теңестірілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге осы Ереже қолданылмайды. 3. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынға құқықтарды және онымен немесе оның бір бөлігімен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу осы Ереже белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тіркеу органдары
4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жердегі жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу органдары (бұдан әрі - тіркеу органы) жүзеге асырады. 5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарының жүйесін, мақсаттарын, құзыретін, құқықтарын және міндеттерін арнайы нормативтік актілер айқындайды.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мақсаты және маңызы
6. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу - жылжымайтын мүлікке құқықтардың пайда болу, ауысу, жүктелім жасау (шектеу) немесе тоқтатылу негіздерін мемлекеттік есепке алуы, тануы және растауы мақсатында жүзеге асырылады. 7. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мақсаты - жылжымайтын мүлікке құқықтардың мемлекеттік қорғалуын қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлік рыногын тиімді дамыту. 8. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жария акт болып табылады. Тіркеу органы жасалған тіркеу және тіркелген құқықтар туралы кез келген адамға арнайы нормативтік актілер айқындайтын тәртіпте ақпарат беруге міндетті. 9. Жылжымайтын мүлікке құқықтар және олармен жасалатын мәмілелер тіркелмеген кезде, белгіленген жағдайларда жылжымайтын мүлік деген құқықтар пайда болған болып есептелмейді. Заң актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелер олар тіркелген сәттен бастап жасалған болып есептеледі. 10. Тіркелген құқықтар (жүктелімдер, шектеулер) азаматтық заңдар нормаларына сәйкес тоқтатылған болып есептеледі. Құқықтардың тоқтатылуы туралы жазба осы Ережеде көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру
11. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүліктің әрбір объектісі бойынша заңдармен белгіленген жазбалар жүйесін Құқықтық кадастрдың тіркеу парағына енгізу жолымен жүзеге асырылады. 12. Тіркеу парағына жылжымайтын мүлік объектілері туралы қажетті мәліметтер тізбесі кіреді. Тіркеу парағының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 13. Тіркеу қағаз сақтаушыда жүзеге асырылады және электронды сақтаушыларды жүзеге асырылады. Тіркеудің автоматтандырылған жүйесіне толық көшкенге дейін қарама-қайшы мәліметтер болған жағдайда қағаз сақтаушыда тіркеу басым болады. Тіркеу органын автоматтандырылған жүйеге көшіру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шешімімен жүзеге асырылады.
Құқықтық кадастр
14. Құқықтық кадастр жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің бірыңғай жүйесі басты (негізгі) құжаты болып табылады және онда осы құқықтарға қатысты заң, экономикалық, техникалық сипаттағы мәліметтер болады. 15. Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды бір мәнде айқындау үшін қажетті барлық мәліметтер болады және ол Құқықтық кадастрда тіркелген немесе әділет органдарының деректер банкінде тұрған жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді айқындау үшін заңды маңызы бар жалғыз ақпарат көзі болып табылады. 16. Құқықтық кадастрда үш тарау болады, олардың мазмұнын "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығының нормалары айқындайды. 17. Құқықтық кадастр жүргізуді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында әкімшілік аудандарда, қалаларда құрылатын Әділет министрлігінің тіркеу органдары жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлік объектілері
18. Жылжымайтын мүлік объектілеріне жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, құрылымдар, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар, көп жылғы көшеттер және жермен тығыз байланысқан өзге мүлік, яғни олардың мақсатына өлшеусіз зиян келтірмей жылжыту мүмкін емес объектілер жатады. Оның қызметіне арналған оның құрамына кіретін мүліктің барлық түрлерімен бірге мүліктік кешен ретінде, сондай-ақ кәсіпорын да жылжымайтын мүлік объектісі болып танылады. 19. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді есепке алу және тіркеуді жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік объектілерін қалыптастыру заңдарымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. 20. Жылжымайтын мүлік объектілері оларға заңмен белгіленген тәртіпте кадастрлық нөмірлер беру жолымен теңестіріледі, ол жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мақсаттарында пайдаланылады. 21. Құқығы тіркелмеген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектісіне құқықты тіркеу осы Ереженің 69-70-тармақтарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. 22. Осы участокты мемлекеттік жер кадастрына тіркеусіз жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеуге рұқсат етілмейді. 23. Қайтадан құрылатын жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу осы мүлікті құру аяқталған мерзімнен жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүлікті құру аяқталғанша құқық объектісі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 236-бабының 4-тармағымен белгіленген ережелер бойынша айқындалады. 24. Дербес құндылықты білдіретін дараланған жер үсті су объектілеріне, көп жылдық көшеттерге құқықтар, егер объектілер құқықтарды тіркелетін жер учаскесінің шекарасында орналасқан болған жағдайда, тіркелуге жатады.
Мемлекеттік тіркелуге жататын жылжымайтын мүлік құқықтарының және жүктелім құқықтарының (шектеулерінің) түрлері
25. Мемлекеттік тіркелуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтардың тізімі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 118-бабының 2-тармағымен және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерге мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес белгіленеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |