|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «Құру мақсаты» деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ны (бұдан әрі - «ҚазАгро» ұлтхолдингі» АҚ) құрудың мақсаты инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және акциялары оған орналастырылған акцияларға төлеу ретінде берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - қоғамдар) корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.»; «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары деген 2-бөлімде: үшінші, төртінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ және қоғамдар қызметінің ашықтығы»; «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның міндеттері» деген 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «Қойылған мақсат шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның міндеттері мынадай болады: инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау; агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру; аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту; агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу; агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын дамыту; ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру; корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру. Міндеттерді іске асыру директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның функциялары» деген 4-бөлімде: үшінші абзацтағы «қоғамдардың» деген сөзден кейін «стратегиялық» деген сөзбен, «жоспарларын» деген сөзден кейін «, инвестициялық бағдарламалар мен жылдық бюджеттерді» деген сөздермен толықтырылсын; оныншы абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтармен толықтырылсын: «қоғамдардың лауазымды тұлғаларын іріктеу және дәлелдеу; қоғамдардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.»; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар» деген 5-1-бөлімде: бірінші абзацта: «бір айда бір рет орта мерзімді негізде» деген сөздер «екі жылда бір рет ұзақ мерзімді негізде» деген сөздермен ауыстырылсын; «кемінде жылына бір рет» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацта «екі жылда» деген сөздер «айына» деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы «Компаниялардың» деген сөз «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ және қоғамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |