Осы редакция 2007 жылғы 7 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Электрондық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң салық есептiлiгiн жасау және табыс ету ережелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетi Төрағасының 2004 жылғы 9 сәуiрiндегі № 165 бұйрығына 3-қосымша Электрондық мониторингке жататын зейнетақы активтерiн инвестициялық 1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және электрондық мониторингке жататын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық есептiлiгiн жасау және табыс ету тәртібін көздейдi. 2. Салық төлеушiлердiң мониторингi (бұдан әрi - мониторинг) салық төлеушiлердің нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзiндiк құнын қалыптастырудың негiздiлiгіне талдау жүргiзу, Қазақстан Республикасының қаржы, валюта заңнамаларын және қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында, салық төлеушiлердің қаржы-шаруашылық қызметiн байқау жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады. 3. Мониторинг салық мiндеттемелерiнің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттік органның (бұдан әрi уәкiлеттi мемлекеттік орган) орталық серверiнің дерек қорына деректердi берудің электрондық жүйесi арқылы салық төлеушiлерден негiзгi қаржы-экономикалық және салықтық көрсеткiштер бойынша ақпарат жинау жолымен жүзеге асырылады. Мониторингтi: 1) республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлер бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган; 2) өңiрлiк мониторингке жататын салық төлеушiлер бойынша облыстар, Астана, Алматы қалалары және "Астана - жаңа қала" бойынша салық комитеттерi (бұдан әрi - салық комитеттерi) жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|