Осы редакция 2007 жылғы 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу
1. Жалпы ережелер
1. Осы Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердi сертификаттау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығының, «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының талаптарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегі қызметтердi сертификаттау тәртібiн белгілейдi. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар: 1) авиациялық техниканы жөндеу - авиациялық техниканың жарамдылығын және жұмысқа қабiлеттілігін қалпына келтiру жөніндегi операциялар кешенi; 2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығы - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеудi жүзеге асыратын, осы Ережеде белгiленген тәртіппен авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификат берiлген заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi; 3) өтінім - өтiнiш берушiнің сертификаттық зерттеу рәсімдерiнен өтуi үшiн уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшi; 4) өтiніш берушi - Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметке сертификат алу үшін уәкілетті органға өтiнiш берген заңды тұлға; 5) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер сертификаты (бұдан әрi - Сертификат) - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердің сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат (1-қосымша); 6) сертификаттық талаптар азаматтық авиацияны сертификаттау саласында нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген талаптар; 7) сертификаттық тексеру - уәкiлеттi орган жүзеге асыратын авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегi қаражатты, жабдықты, пайдалану рәсiмдерiн, технологиялық процестердi, құжаттаманы, ұйымдастырушылық құрылымды, сондай-ақ өтiнiш берушi қызметкер құзыреттiлігінiң сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн тексеру; 3. Сертификаттаудың мақсаты адамның өмiрi мен денсаулығы үшiн авиациялық қызметтердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. 4. Сертификаттаудың объектілерi авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер болып табылады. 5. Сертификат иелiктен шығарылмайтын болып табылады және басқа адамға берiлмеуге тиiс. 6. Сертификат үш жылдан аспайтын мерзiмге саласы мен әрекет ету мерзiмi көрсетiле отырып берiледi. Сертификаттың әрекет ету мерзiмi аяқталысымен жарамсыз деп есептеледi. 7. Сертификаттаудың жалпы мерзiмi 3 (үш) айдан аспауы тиiс. 8. Сертификаттар берудi, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкілеттi орган жүзеге асырады. 9. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу өтiнiш берушiнің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Сертификаттау жөніндегi жұмыстардың жүргiзiлгенi үшiн алынған қаражат республикалық бюджетке аударылады. 2. Сертификаттауды жүргiзу тәртібі 10. Сертификаттауды жүргiзудiң мынадай тәртібi белгiленедi: 1) өтiнiш берушінiң тиiстi құжаттардың қосымшасымен белгіленген нысандағы өтiнiмдi (3-қосымша) уәкілеттi органға беруi; 2) алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешiм қабылдау; 3) уәкiлетті органның сертификаттық тексеру жүргiзуi. 11. Өтiнiмге қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiн және сертификаттық талаптарды уәкілетті орган белгілейдi. 12. Уәкілетті орган 30 (отыз) күнтiзбелік күннің iшiнде өтiнiмдi қарайды және өтiнiш берушiге өтiнiм жөніндегі шешiмдi хабарлайды (4-қосымша). 13. Егер, өтiнiм осы Ереженiң талаптарына сәйкес болмаған немесе оған қоса берілетiн құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда өтінім қайтару себептерi көрсетіле отырып қайтаруға жатады. 14. Өтінiм бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейiн) өтiнiм бойынша шешiмнiң негiзiнде уәкiлеттi орган сертификаттық тексерулер жүргізу үшiн комиссия құрады. 15. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексеру қолдануға болатын мәлімделген қызмет салаларына (2-қосымша) және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығының сипаттамаларына қарай жүргiзiледi. Бұл ретте мыналар тексерiледi: 1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығының сипаттамасы (көрсеткiштерi) және осы орталықтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін растауға мүмкiндiк беретiн тексеру рәсiмдерi iске асырылады; 2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер ұсынудың толықтығы және сапалылығы; 3) сапаның тұрақтылығы. Қажет болған кезде комиссия қосымша ақпарат сұрай алады. 16. Сертификаттық тексерудiң мерзiмi 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспауы тиiс. 17. Сертификаттық тексеру уәкілеттi орган бекiтетiн сертификаттық тексерудiң үлгілiк бағдарламасына сәйкес жүргiзіледi. 18. Сертификаттық тексерудiң нәтижелері бойынша өтiнiш берушi объектiлерiнiң нақты жай-күйi, тұжырымдары, ұсынымдары және Сертификат беру мүмкiндiгі (мүмкіндігі жоғы) туралы қорытынды көрсетiле отырып, екі данада сертификаттық тексеру акті (5-қосымша) жасалады. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және танысу үшiн өтiнiш берушiге ұсынылады. 19. Сертификаттарды ресiмдеудi уәкілеттi орган қызметтiң мәлiмделген саласына сәйкес қызмет көрсетулердің, әрбiр түрi бойынша бөлек жүргiзедi. 3. Сертификат беру және беруден бас тарту 20. Сертификат беру мүмкiндігі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру акті Сертификат беру үшін негiздеме болып табылады. Сертификат беру мүмкiндігі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актi жасалғаннан кейiн уәкілетті орган онкүндік мерзiмде Сертификат ресiмдеудi және берудi жүргiзедi. 21. Сертификат беруден бас тарту мынадай жағдайларда, егер: 1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызмет көрсетуге осы санаттағы тұлғалар үшiн заңнамалық кесімдермен тыйым салынса; 2) өтiнiш беруші ұсынған қызметтер сертификаттау талаптарына сәйкес келмесе; 3) өтiнiш берушiге қатысты оған осы қызметтер түрін көрсетуге тыйым салған сот шешiмi болса. 22. Сертификат беруден бас тартқан кезде өтiнiш берушiге бас тарту себебi көрсетiле отырып дәлелдi жауап берiледi. 4. Сертификатқа өзгерістер енгізу және телнұсқа беру 23. Берiлген Сертификаттарды қайта ресiмдеу егер олар сертификаттау талаптарына сәйкес келмеушілiкке әкелмесе, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығының атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген және басқа да өзгерістер болған жағдайда жүргiзіледi. 24. Сертификаттың телнұсқасы бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда ол берiлуi мүмкiн. 25. Сертификатқа өзгерiс енгізу немесе телнұсқасын алу үшiн авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығы уәкiлеттi органға қажеттi негiздемелермен және тиiсiнше бұрын берілген Сертификатты қоса беру (жоғалу немесе ұрлану жағдайларынан басқа) еркiн нысандағы өтiнiшiн бередi. 26. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатталған қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестiгiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 27. Сертификаттың әрекет етуiн тоқтату оның тоқтатылу себептерi көрсетiле отырып, алты айға дейiнгi мерзiмге рұқсат берiледi. Сертификаттың әрекет етуiн тоқтату бойынша себептерi жойылмаған жағдайда уәкілеттi орган оны қайтарып алуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердi сертификаттау ережесiне 1-қосымша Елтаңба Уәкiлеттi орынның атауы Уәкiлеттi органның мекен-жайы Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердiң СЕРТИФИКАТЫ сериясы ИАС N_____ 200 жылғы "__"_________ берілдi 200 __ жылғы "___"_____дейін күшінде болады. ______________________________________________________________ (ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, банктiк деректерi) Осы сертификат ____________________________________________ (ұйымның атауы) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердi осы Сертификаттың қосымшасында көрсетiлген қызмет саласына қатысты нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес деп куәландырады. Сертификат ______________________________________________ (уәкiлеттi органның атауы) ________________________________________ комиссиясының 200 жылғы "___"__________N _______ Сертификаттау тексеру (тексерiс) кесiмiнiң негізiнде берiлген. Инспекциялық бақылауды ___________________________ жүзеге асырады. (уәкілетті органның атауы) М.О. Уәкілетті органның басшысы ___________________ қолы, Т.А.Ә. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатқа қосымша сериясы ИАС N _____ СЕРТИФИКАТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ САЛАСЫ
М.О. Уәкілетті органның басшысы _________________________ қолы, Т.А.Ә. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердi сертификаттау ережесiне 2-қосымша Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдардың қызмет салалары Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдардың қызмет салаларына: 1) әуе кемелерiнiң жекелеген түрлерiне жедел техникалық қызмет көрсету, соның iшiнде ағымдағы жөндеу, күрделi емес ақауларды жою, агрегаттарды және шектелген тiзбе бойынша жиынтық бұйымдарды ауыстыру; 2) әуе кемелерiнiң жекелеген түрлерiне кезеңдi техникалық қызмет көрсету (жұмыс iстеу бойынша және күнтiзбелiк мерзiмдер бойынша), соның iшiнде авиадвигательдердi ауыстыру, авиациялық техниканы ағымдағы жөндеу, зертханалық тексерулер және агрегаттар мен жиынтық бұйымдарды қалпына келтiру; 3) "күрделi жөндеусiз" пайдаланатын әуе кемелерiнiң планерiнде, авиадвигательдер мен авиациялық техниканың жиынтық бұйымдарындағы бақылау-қалпына келтiру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары); 4) әуе кемесiнiң интерьерiн жаңарту (қайта жабдықтау); 5) әуе кемесiн жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және өнеркәсiп бюллетеньдерi бойынша пысықтауларды орындау; 6) әуе кемелерiн, авиадвигательдер мен жиынтық бұйымдарды (агрегаттарды) оларға жаңа ресурстарды орната отырып (қызмет мерзiмдерiн) күрделi жөндеу жатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердi сертификаттау ережесiне 3-қосымша Уәкілетті органның басшысына ____________________________ Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттауға арналған өтiнімнiң үлгілiк нысаны 1. Ұйымның атауы ____________________________________ 2. Ұйымды тiркеу орны және тiркеу нөмiрi (шифр) _____________________________________________________ 3. Өндiрiстiк базаның орналасқан жерi _______________ 4. Почталық мекен-жайы ______________________________ 5. Телефон ____________ 6. Телеграф ___________ 7. Факс _______________ 8. Есеп шоты ________________________________________ 9. Өтiнiмдi беру себебi (керек емесiн сызып тастаңыз): бастапқы сертификаттау, жоспар бойынша сертификаттау, қызмет саласын кеңейту, басқа да себептер (көрсетiңiз) 10. Өтiнiмнiң мазмұны Мен, төменде қол қоюшы, _____________________________ (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты) ____________(күні, айы) ________ бекітілген (тiркелген) Жарғының (Ереженiң) негiзiнде iс-әрекет ете отырып, мынадай авиациялық техникада әуе кемесi _____________________________ двигательдер __________________________________________ әуe бұрандылары _______________________________________ көмекшi күш қондырғысы ________________________________ борттық жабдықтар _____________________________________ төменде берiлген жұмыстардың түрлерiн (кешендерiн) ____ орындау құқығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерге сертификаттау жүргiзудi өтiнемiн. 11. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуге жауапты басшылық құрам: _____________________________________________________________ Лауазымы Тегі, аты, әкесінің аты Қолы _____________________________________________________________ Басшы _____________________________________________________________ ТББ басшысы _____________________________________________________________ С мен Д техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшы _____________________________________________________________ А мен РЭЖ техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшы _____________________________________________________________ 12. Сертификаттау жөніндегі жұмыстардың ақысы төленді. __________________ __________________ ______________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.) __________________ мөр (күні) орны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердi сертификаттау ережесiне 4-қосымша Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердi сертификаттауға берiлген өтінiм бойынша шешімнің үлгілік нысаны 200 жылғы "___"____________ N_______ ________________________________________________________ (ұйымның атауы) ________________________________________________________ (объектiнің атауы) ________________________________________________________ _______________________ сертификаттау жүргiзу үшiн _____ "____"__________N_____ ұсынылған өтінімді қарап хабарлаймыз: 1. Сiздер ұсынған құжаттар сертификаттау талаптарына сәйкес (сәйкес емес) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкессiздiк тармағы көрсетiледi) _________________________ 2. Сертификаттық тексеру ________ бастап ______ қоса алғандағы кезеңде жүргiзiледі. 3. Тексерiс ____________________________________________ (нормативтiк құжаттың атауы мен белгiленуi) ________________ талаптарына сәйкестiкке жүргізiледi 4. Инспекциялық бақылауды _____________________________ жүзеге асырады. 5. Жұмыстар ___________________________________________ __________________________________негiзiнде жүргiзiледі Уәкiлеттi органның басшысы МО ________________ Т.А.Ә. (қолы) 200 ___жылғы "_____"________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердi сертификаттау ережесiне 5-қосымша Бекітемін Уәкілетті органның басшысы _________________________ қолы, Т.А.Ә. 200 __жылғы "___"________ Сертификаттық тексеру актісінің үлгілік нысаны _________________________ 200 ___жылғы "__"__________N________ (уәкілетті органның атауы) бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия: Төраға: __________________ (Т.А.Ә., лауазымы) комиссия мүшелері: ___________________ (Т.А.Ә., лауазымы) ___________________ (Т.А.Ә., лауазымы) ___________________ (Т.А.Ә., лауазымы) _________________________________________________________ (ұйымның атауы) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтердің сертификаттық тексеруі жүргізілді. қорытындының мәтіні Төраға: __________________ _______________________ (Т.А.Ә.) (қолы) Комиссия мүшелері ________ _______________________ (Т.А.Ә.) (қолы) __________________ _______________________ (Т.А.Ә.) (қолы) Актімен таныстым: ұйым басшысы ____________ _______________________ (Т.А.Ә.) (қолы) |