Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi (2007.17.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне екі вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегі функциялары берiле отырып, Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитеті құрылсын. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi оған және фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн реттеудi қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын Комитеттiң функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитетi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 5. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ереженiң жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн; 2) ведомстволардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтің сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің негізгі міндеттері денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, денсаулық сақтау, оның ішінде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады. Министрлiктің мынадай ведомстволары: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi, Фармация комитетi және Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті болады. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазыналық комитетiнiң органдары мен банктерде шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрлiктiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Министрлiк өз құзыретiндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн, Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күшi бар шешімдер қабылдайды. 5. Министрліктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66. 7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Министрлiктің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджет кiрiсiне жiберіледi. 2. Министрлiктiң функциялары мен құқықтары 10. Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады: ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: денсаулық сақтау саласындағы тұжырымдамаларды, денсаулық сақтауды, медицина және фармацевтика ғылымын, медициналық және фармацевтикалық білім берудi дамыту стратегияларын, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, даму жоспарларын, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу; өз құзыретi шегiнде дәрілiк заттар айналымы саласындағы, медициналық қызметтердiң сапасын бақылау саласындағы жеке тұлғалар мен денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу мәселелерi жөніндегі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі, жұқпалы, паразитарлық, кәсiби және басқа да аурулар мен улануларды тiркеу тәртібін және санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзу тәртібін айқындау жөнiндегі нормативтік құқықтық кесiмдердi нормативтік құжаттарды әзiрлеу және бекіту; тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi тiзбесiн әзiрлеу; медицина ғылымын дамытуды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестiру; мыналарға: Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметке; дәрілiк заттар айналымы саласындағы қызметке; медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегі қызметке басшылықты жүзеге асыру; денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыру; ауруханаiшiлiк менеджментті және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының тиiмділігін бағалауды қоса алғанда, медициналық қызметтердiң сапасын бақылау саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және бекіту; медициналық және фармацевтикалық білім берудi қоса алғанда, медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы стандарттарды бекіту; денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ереженi, олардың құрылымдарын, үлгілік штаттарды және штаттық нормативтердi, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатуралары мен біліктілік сипаттамаларын әзiрлеу және бекіту; халыққа медициналық қызмет көрсетудiң көлемi мен деңгейiнiң нормативтерiн, бастапқы медициналық-санитарлық, білiкті тұрақты, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектiң, қалыпқа келтiрiп емдеу мен медициналық оңалтудың түрлерi мен көлемiн әзiрлеу және бекіту; денсаулық сақтау саласында, оның ішінде есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргiзудiң және көтермелеудiң салалық жүйесiнiң нысандарын әзiрлеу және бекіту; медицина ғылымының басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз ету жолымен денсаулық сақтауды реформалау жөніндегі шараларды әзiрлеу және ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң нәтижелерiн емдеу-алдын алу ұйымдарының практикасына енгізудi ұйымдастыру; Мемлекеттік фармакопеяны, Дәрілік заттардың мемлекеттік тiзiлiмiн, дәрілік заттар жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттаманы бекіту; негізгi (өмiрлiк маңызды) дәрілiк заттардың тiзiмiн, аурулардың түрлерi мен амбулаториялық емдеу кезiнде дәрілiк заттар, арнайы балалар және емдік тағам өнімдері рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi шарттармен берiлетiн халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекіту; амбулаториялық-емханалық ұйымдардың санаттары, сондай-ақ медициналық көмек көрсету және дәрілік заттармен қамтамасыз ету тәртібі анықтала отырып, санаторийлiк-курорттық емдеу көрсетiлген аурулар мен денсаулықтың бұзылуларының тiзбесiн бекіту; азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; біліктiлiк емтихандарын өткізу тәртібін айқындау; денсаулық сақтау объектілерiн аккредиттеу және жекешелендiру саласындағы саясатты пысықтау; халықты иммундау және Қазақстан Республикасының аумағын аса қауiптi және карантиндi жұқпалы аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан сақтау саясатын әзiрлеу; өз өкілеттiгi шегiнде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді бекіту; денсаулық сақтау, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын дайындау және заңнамада белгіленген тәртiппен оларды жасасу; медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту; медициналық ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу; медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалау тәртібін бекіту және оларды жарнамалауға рұқсат берудің тәртібін белгілеу; медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу және емдік препараттарды (жануарлардың, құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар жоқ өсімдіктер мен шөптердің емдік өнімдерін өсіруден, жинау мен сатудан басқа) дайындау және сату бойынша лицензиялау ережелерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; алдын ала медициналық тексерулерден өткізу тәртібін әзірлеу және бекіту; денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынатын аурулардың тізбесін әзірлеу және бекіту; уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін белгілеу; жыныстық сәйкестігінде ауытқушылық бар адамдар үшін жынысын ауыстыруды медициналық куәландыру мен жүргізу ережесін әзірлеу және бекіту; алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын пайдалану тәртібін белгілеу; диагностика мен емдеудің мерзімдік хаттамаларын әзірлеу және бекіту; клиникаға дейінгі зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттер мен клиникалық сынақтарды өткізудің тәртібін белгілеу; тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) алу, консервациялау, адамнан адамға, мәйіттен адамға және жануарлардан адамға трансплантациялау тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту; балаларды сәбилер үйін және білім беру ұйымдарын, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесін айқындау; дәстүрлі емес (халықтық) медицина мамандарының қызметін бақылау; әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесін әзірлеу; Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу ережесін әзірлеу; ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) мынадай салада мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету; өз қызметi аясында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастықта болу; төтенше жағдайлар кезiнде азаматтарға тегiн медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру және оларды дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету; халық денсаулығының жай-күйiн талдау, медициналық-статистикалық ақпаратты әзiрлеу және жинау мен өңдеудi ұйымдастыру, медициналық құжаттаманы есепке алу-есеп берудi жетiлдiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында мемлекеттік статистикалық есепке алу мен есеп берудi жүргiзудi қамтамасыз ету; денсаулық сақтау саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; өз құзыретiндегі мәселелерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру; медициналық сараптамалардың түрлерi бойынша қызметтi ұйымдастыру, оның ішінде тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындау; медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың, оның ішінде шетелде, медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың тәртібін белгілеу; ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарына басшылықты жүзеге асыру және олардың қызметiн үйлестiру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар арқылы меншiк нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiн үйлестірудi жүзеге асыру; халықтың туу мен өлiм-жітімiн талдау және болжау; өз құзыреті шегiнде жұмылдыру даярлығын жоспарлау, ұйымдастыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру тапсырмаларын орындаудың қажетті шарттарын және денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды белгiлеу. азаматтардың денсаулығы мүддесінде салааралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 11. Өзiнiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында Министрлiктiң өз құзыреті шегінде заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға; ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға; 3) азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне және денсаулық сақтауды дамытуға айрықша үлес қосқан медицина қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынуға; 4) Министрлiктiң құзыретiне кiретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткізуге; 5) Министрлiктiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға; 6) денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулердi үйлестiру мақсатында медицина ғылымы саласындағы жетекшi ғалымдар мен мамандардың қатарынан консультативтiк-кеңесшi орган - денсаулық сақтау проблемалары жөнiндегі ғылыми кеңес құруға; 7) азаматтардың денсаулығын сақтау iсiне сiңiрген айрықша еңбегі үшiн медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасымен марапаттауға; 8) денсаулық сақтау саласына шетелдiк кредиттер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiнде, дәрілік заттарға салық салу және баға белгілеу жөнiнде, ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізуге, олардың жарғыларын бекітуге; 9) денсаулық сақтау саласында бәсекелестіктi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар. 12. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 13. Министрлiкке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 14. Министрліктiң өзiне бекітіп берiлген мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк жасауға құқығы жоқ. Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Министрлiктiң қызметін ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 15. Министрлiкті Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады. Министрдің Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлерi болады. 16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуы әрi өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап бередi. 1) Министрлiктің құрылымын бекітедi, сондай-ақ вице-министрлердiң, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттіктерi шеңберiн белгілейдi; ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) Министрлiктiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оның ішінде білім беру және ғылыми ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлiктiң қызметкерлерiн көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi; 4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық өзара қарым-қатынастарда Министрлiктi бiлдiредi; 5) бұйрықтарға қол қояды; 6) Министрлiктiң құрылымдық бөлімшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттіктердi жүзеге асырады. 18. Министрлікте консультативтік-кеңесші орган - алқа құрылады, оның саны мен дербес құрамын министр бекiтедi. Алқаның шешімдері қаулылармен ресiмделедi және министрдiң бұйрықтарымен iске асырылуы мүмкiн. 5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату 19. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң қайта ұйымдастырылатын аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi 1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақмола облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Ақмола облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Ақтөбе облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінiң Ақтөбе облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Алматы облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Алматы облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Шығыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Жамбыл облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қарағанды облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация комитетінің Қарағанды облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Қостанай облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қостанай облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Павлодар облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Павлодар облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Астана қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Астана қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Алматы қалалық фармацевтикалық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Алматы қаласы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы болып қайта ұйымдастырылсын. 13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің Атырау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Атырау облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлімі болып қайта ұйымдастырылсын. 14. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Батыс Қазақстан облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын. 15. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң Қызылорда облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын. 16. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнің Маңғыстау облыстық фармацевтикалық бақылау бөлiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінiң Маңғыстау облысы бойынша фармацевтикалық бақылау бөлiмi болып қайта ұйымдастырылсын. |