2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі
2008 жылғы 24 қазандағы № 74-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (бұдан әрі - Ұйым) қызметінің тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып, Ұйымның тұрақты әрекет ететін жұмыс органдарының және Ұйым жанындағы Өкілетті өкілдердің қызметіне тиісті жағдай жасауды қамтамасыз етудің қажеттігін түсіне отырып, 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясын назарға ала отырып, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына негізделе отырып, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімнің 35-бабына сәйкес, төмендегілер туралы келісті: 1. Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1.1. 1-баптың жетінші абзацы «Ұйымның шеңберінде өткізілетін» деген сөздердің алдына «Ұйым жанындағы мүше мемлекеттердің Өкілетті өкілдерін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын. 1.2. 1-баптың жетінші абзацынан кейін сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен мынадай мазмұнда толықтырылсын: «Ұйым жанындағы Өкілетті өкіл» (бұдан әрі - Өкіл) - Ұйымға мүше мемлекеттің оның ұлттық заңнамасына сәйкес тағайындалатын, жіберетін мемлекеттің Ұйым мәселелері жөніндегі қызметі үшін және Ұйым Жарғысының IV тарауына сәйкес құрылған Тұрақты Кеңестің жұмысы үшін қажетті өкілеттік берілген өкіл; «Ұйым жанындағы мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері» (бұдан әрі - Өкілдік) - ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет Ұйым жанындағы оның мүдделерін таныту үшін жіберетін Өкіл басшылық жасайтын тұрақты сипаттағы миссия; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|