Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара және өзге де ведомстволарының
2009 ж. 24 сәуірдегі № 153-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттері; халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаттары мен нормаларын, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізге алған құжаттарын басшылыққа ала отырып, Тараптардың экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуын қамтамасыз етуші ажырамайтын шарттары болып табылатын бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауды тани отырып, 1996 жылғы 17 мамырдағы сыртқы шекараларда дағдарысты жағдайлардың пайда болуы кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің шекаралық және басқа да ведомстволарының өзара әрекеттестігі туралы Келісімді бұдан әрі жүзеге асыру мақсатында, төмендегі туралы келісті: 1. Қоса беріліп отырған Сыртқы шекараларда дағдарысты жағдайлардың пайда болуы және реттеу (жою) кезінде көмек көрсетуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттерінің шекаралық және басқа да ведомстволарының өзара әрекеттесуін ұйымдастыру туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Осы Хаттама Тараптар қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы депозитаримен үшінші хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді. Осындай рәсімдерді кеш орындаған мемлекеттер үшін, ол депозитаримен тиісті хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді. 3. Ережеге осы хаттаманың 2-тармағында қарастырылған тәртіпте күшіне енетін жеке хаттамамен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. 4. Осы хаттама күшіне енгеннен кейін басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылатын мемлекет үшін ол депозитаримен тиісті хабарламаны алған күннен бастап 30 күн өткеннен соң күшіне енеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|