«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы
акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1036 Қаулысы
(2008.02.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 71 (бұр.ред.қара); 2008.02.04. № 315 (бұр.ред.қара) Қаулылармен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 қарашадағы
№ 1036 қаулысына
Қосымша
«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
Құрамы
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Ноғаев Нұрлан Асқарұлы | - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Өмірзақов Ізбақ Қуанышұлы | - Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Тәшенов Бақытбек Хәкімұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендірукомитеті төрағасының орынбасары |
Шоқпытов Андар Мәулешұлы | - «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарматөрағасы |
Бейсенбетов Ескендір Қалыбетұлы | - Қазақстан-Британ техникалық универститетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, тәуелсіз директор |
Марченко Анатолий Николаевич | - «Ақтөбе облысының Кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы» қоғамдық ұйымының директоры, «Атамекен Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының мүшесі, тәуелсіз директор |
Мергалиев Серік Ролланұлы | - «Серік» өндірістік-жарақтандыру кәсіпорынның бас директоры, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының мүшесі, тәуелсіз директор |