|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 14, 189-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулыға қосымшада: Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға; Зейнуллин Талғат Мұратұлы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры; Плотников Сергей Викторович - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Көдеков Тұрсынбек Кәрімұлы, Ұранхаев Нұрлан Тельманұлы шығарылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Ертіс су қоймалары құламасының табиғатты қорғайтын су ағызу кезеңінде қосымша өндірілетін электр энергиясын тарату жөнінде ұсыныстар дайындау;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |