|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №28, 354 - құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесінде: 7-тармақта «Бұл ретте, 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың шығуы тек қана олардың келісімімен жүзеге асырылады. 10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар шыққан кезде, ол баланың мүдделеріне қайшы болған жағдайларды қоспағанда, баланың пікірін есепке алу міндетті» деген сөздер алынып тасталсын; 8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) шығуы туралы шешім қабылдаған кезде 10 жасқа толған баланың пікірін ата-анасының не өзге де заңды өкілдердің есепке алуы туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;». 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |