|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 22 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: «95» деген сандар алынып тасталсын; «197» деген сандар алынып тасталсын; «205» деген сандардан кейін «205-1», «205-2», «205-3» деген сандармен толықтырылсын; «220», «375», «390» деген сандар алынып тасталсын; 1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 14-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 44195929 мың теңге (қырық төрт миллиард бір жүз тоқсан бес миллион тоғыз жүз жиырма тоғыз мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 18-жолдағы «Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: «Мыналарды: 1) Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының әкімшілік ғимаратында; 2) Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының әкімшілік ғимараттарында; 3) Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полк полициясының әкімшілік ғимаратында және гаражында күрделі жөндеу жүргізу.»; 7-тармақта: «Тікелей нәтижедегі «2784» деген сандар «1265» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 16-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 3-жол «Қылмыстық істер бойынша өндіру кезінде өзге де жұмыстарды және қызметтерді төлеу» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 17-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жолда «жолаушы поездарында орындарды броньдеу бойынша қызметтерді төлеу, байланыс қызметтеріне ақы төлеу» деген сөздер «жолаушы поездарында орындарды броньдау жөніндегі қызметтер үшін кредиторлық берешекті өтеу,» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 24-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 2086876 мың теңге (екі миллиард сексен алты миллион сегіз жүз жетпіс алты мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 3-жол «ішкі істер органдарының қызметкерлерін оқыту» деген сөздерден кейін «және Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын ішкі істер органдарының қызметкерлерін медициналық сақтандыру» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақта: «Тікелей нәтижедегі» «90» деген сандар «50» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 26-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «Өткен жылдар өсімақысы бойынша кредиторлық берешекті өтеу. Күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу.» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 32-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жолда «- объектінің орналасқан жерін анықтау жүйелері» деген сөздерден кейін «- «Пелена-Папка-М» шағын көлемді құрылғы;» деген сөздермен толықтырылсын; 2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 34-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 17640678 мың теңге (он жеті миллиард алты жүз қырық миллион алты жүз жетпіс сегіз мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 7-жолда «ЗИЛ базасында отын құятын орын сатып алу» деген сөздер алынып тасталсын; 3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 42-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 14747055 мың теңге (он төрт миллиард жеті жүз қырық жеті миллион елу бес мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 44-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 89953 мың теңге (сексен тоғыз миллион тоғыз жүз елу үш мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 48-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 5088284 мың теңге (бес миллиард сексен сегіз миллион екі жүз сексен төрт мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы 5-тармақ алынып тасталсын; 7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде» «Мәскеу (РФ) мен Әбу-Даби (БАЭ) қалаларында 2 салынып жатқан» деген сөздер «Әбу-Даби (БАЭ) 1 салынып жатқан» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 51-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 748078 мың теңге (жеті жүз қырық сегіз миллион жетпіс сегіз мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 55-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 12315166 мың теңге (он екі миллиард үш жүз он бес миллион бір жүз алпыс алты мың теңге).»; 5) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 85-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында «этномәдени орталығын және кесенесін салу үшін тұрғын үй-жайларды бұзу, бұзғаны үшін өтемақы төлеу, құрылыс алаңын дайындау» деген сөздерден кейін «жер учаскелері мен тұрғын жайлардың құнына өтемақы төлеу» деген сөздермен толықтырылсын; 6) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 94-қосымшада: «006»Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту және сатып алу» деген республикалық бюджеттік бағдарлама паспортының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «006»Қару-жарақ, әскери және басқа да техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу»; көрсетілген қаулыға 95-қосымша алынып тасталсын; 7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 109-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 19988355 мың теңге (он тоғыз миллиард тоғыз жүз сексен сегіз миллион үш жүз елу бес мың теңге).»; 2-тармақтағы «Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» деген сөздерден кейін «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 11-бабы» сөздермен толықтырылсын; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 7-жолда «682,0 мың сынама көлемде» деген сөздер «шамамен 300 мың сынама» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде» «Қазақстанның мақта талшығының сапасын сараптамадан өткізуге» деген абзацтағы «682,0 мың сынама көлемде» деген сөздер «шамамен 300 мың сынама» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 115-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 130299 мың теңге (бір жүз отыз миллион екі жүз тоқсан тоғыз мың теңге).» «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 2-жолда «Ауыл шаруашылығы және бағалық тәуекелді басқару жөніндегі консалтингтік компаниялардың консультациялық қызметтерін сатып алу.» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 125-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 312100 мың теңге (үш жүз он екі миллион бір жүз мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 2-жолда «сыртқы қарыздар» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтың «Уақтылығындағы» «95» деген сандар «90» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 127-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 4971425 мың теңге (төрт миллиард тоғыз жүз жетпіс бір миллион төрт жүз жиырма бес мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 2-жолда «сумен жабдықтау объектілерін салу үшін жабдықтар алу;» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 129-қосымшада: 7-тармақта: «Тікелей нәтижеде» «9» деген сан «7» деген санмен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 138-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 95314 мың теңге (тоқсан бес миллион үш жүз он төрт мың теңге).»; 2-тармақта «Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 1 сәуірдегі Заңы;» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Ғаламдық экологиялық қордың атқарушы ұйымы ретінде қатысушы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Траст-қордың гранты туралы келісімді (Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы Заңы» деген сөздермен толықтырылсын; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: реттік нөмірі 2-жолда: «Халықаралық консультанттардың қызметтерін және жобаны үйлестіру бойынша консультациялық қызметтерді, сондай-ақ операциялық шығындарды қоса алғанда орман шаруашылығы секторындағы қызметтерді төлеу» деген сөздер «Операциялық шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, жобаны үйлестіру жөніндегі консультациялық қызметтерге ақы төлеу» деген сөздермен ауыстырылсын; «Орман питомниктеріне тауарлар мен материалдар, өртпен күресу және инфрақұрылымды ұстау үшін қол аспаптары мен жеке құрал-жабдықтарды сатып алу, орман питомниктері үшін екпе көшеттерін сатып алу.» деген сөздер «Өртпен күресу және инфрақұрылымды ұстау үшін тауарлар, материалдар және жеке жабдықтар сатып алу.» деген сөздермен ауыстырылсын; «Орман тұқымы станциясы мен» деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 3-жолда: «Халықаралық консультанттардың қызметтерін және жобаны үйлестіру бойынша консультациялық қызметтерді, сондай-ақ операциялық шығындарды қоса алғанда орман шаруашылығы секторындағы қызметтерді төлеу.» деген сөздер «Операциялық шығыстарды қоса алғанда, жобаны үйлестіру жөніндегі консультациялық қызметтерге ақы төлеу.» деген сөздермен ауыстырылсын; «Орман питомниктеріне тауарлар мен материалдар, өртпен күресу және инфрақұрылымды ұстау үшін қол аспаптары мен жеке құрал-жабдықтарды сатып алу, орман питомниктері үшін екпе көшеттерін сатып алу.» деген сөздер «Өртпен күресу және инфрақұрылымды ұстау үшін тауарлар, материалдар және жеке жабдықтар сатып алу.» деген сөздермен ауыстырылсын; «Өртті бақылау мұнараларын, тұрғын үй-жайларды, қойма мен тәжірибелік зерттеу станциясын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу» деген сөздер «Өртті бақылау мұнараларын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: «Тікелей нәтиже» мынадай редакцияда жазылсын: «Тікелей нәтиже: жобаны үйлестіру жөніндегі консультанттардың қызметтері, сондай-ақ орман шаруашылығы секторында 100 пайызға ұсынылды, орман питомниктері үшін сатып алынған тауарлар мен материалдар, өртпен күресуге арналған жеке жабдықтар және МОТР инфрақұрылымын ұстау 20 пайызға, үйлестіру жөніндегі топтар 90 пайызға жабдықталды, 1 өсімдік отырғызатын ауыр машина, 2 өсімдік отырғызатын жеңіл машина, 3 толық еріксіз келтірілген жеңіл машина сатып алынды. Өрт бақылау мұнаралары құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу.»; «Сапасындағы» «30» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 143-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 669359 мың теңге (алты жүз алпыс тоғыз миллион үш жүз елу тоғыз мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: реттік нөмірі 3-жолда «Ұлттық референттік зертхананың құрылысын жобалау және қадағалау.» деген сөздер алынып тасталсын; «Облыстық және аудандық мемлекеттік зертханалар үшін кейіннен Республикалық ветеринарлық зертханалар» РМҚК және «Фитосанитария» РМК теңгеріміне бере отырып жабдықтар сатып алу.» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта: «Тікелей нәтижедегі «ұлттық референттік зертхананың құрылысын жобалау және қадағалау; зертханаларды жаңғырту (2 облыста және 2 ауданда)» деген сөздер алынып тасталсын; «Қаржылық-экономикалық нәтижедегі» «Бір облыстық зертхананы жаңғырту құны - 50800 мың теңге және аудандық - 8255 мың теңге.» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 145-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 22073 мың теңге (жиырма екі миллион жетпіс үш мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: реттік нөмірі 2-3-жолдарда: «және лизингтік компаниялар» деген сөздер алынып тасталсын; «Микрокредит беру тетігі мен жүйесін әзірлеу жолымен ауылдың шағын кәсіпкерлері мен шағын тауар өндірушілеріне микрокредиттер бөлу.» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта: «Тікелей нәтижеде» «ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына 448000 мың теңге сомасына тікелей несиелер, микронесиелер және лизинг негізінде несиелер беру.» деген сөздер «ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына 22073 мың теңге жалпы сомасына тікелей кредиттер және лизингтік негізде кредиттер бөлу.» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 148-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 349 мың теңге (үш жүз қырық тоғыз мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Конкурстық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізгені үшін қызметтерге ақы төлеу.»; 7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» мынадай редакцияда жазылсын: «Тікелей нәтиже: конкурстық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізу.»;. 7-тармақтың «Уақтылығы» мынадай редакцияда жазылсын: «Уақтылығы: шартқа сәйкес»; 7-тармақтың «Сапасы» мынадай редакцияда жазылсын: «Сапасы: Сараптама жүргізу ережелеріне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысы).»; 8) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 150-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 293156678 мың теңге (екі жүз тоқсан үш миллиард бір жүз елу алты миллион алты жүз жетпіс сегіз мың теңге).»; 7-тармақта: «1636,6» деген сандар «1635,1» деген сандармен ауыстырылсын; «0,6» деген сандар «0,3» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 151-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 73321815 мың теңге (жетпіс үш миллиард үш жүз жиырма бір миллион сегіз жүз он бес мың теңге).»; 7-тармақта: «405,5» деген сандар «404,7» деген сандармен ауыстырылсын; «227,9» деген сандар «223,5» деген сандармен ауыстырылсын; «9308» деген сандар «9316» деген сандармен ауыстырылсын; «8235» деген сандар «8244» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 152-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 41089918 мың теңге (қырық бір миллиард сексен тоғыз миллион тоғыз жүз он сегіз мың теңге).»; 7-тармақта: «1133,8» деген сандар «1123,1» деген сандармен ауыстырылсын; «5149» деген сандар «5155» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 153-қосымшада: 7-тармақтағы «105,3 мың адам» деген сөздер «103,9 мың адам» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 155-қосымшада: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды төлеу. Мемлекеттік жәрдемақы алушылардың болжамды орташа жылдық саны: бала тууына байланысты - 258,5 мың адам; бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты - 208,5 мың адам. Түпкі нәтиже: 1 жасқа дейінгі баланы күтетін азаматтарды мемлекет тарапынан материалдық қолдау. Қаржылық-экономикалық нәтиже: бала тууына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері - 16380 теңге. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін орташа жәрдемақы мөлшері - 4994 теңге. Уақтылығы: кестеге сәйкес 25-не дейін ай сайын уақтылы төлеу. Сапасы: бала тууына байланысты және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты тағайындалған мемлекеттік жәрдемақыларды 100 пайыз төлеу.»; көрсетілген қаулыға 156-қосымшада: 7-тармақта: «25641» деген сандар «9354» деген сандармен ауыстырылсын; «201722» деген сандар «219926» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 158-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 80277 мың теңге (сексен миллион екі жүз жетпіс жеті мың теңге).»; 7-тармақтағы «6435» деген сандар «2198» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 168-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 11592014 мың теңге (он бір миллиард бес жүз тоқсан екі миллион он төрт мың теңге).»; 9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 170-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1991673 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан бір миллион алты жүз жетпіс үш мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 171-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 86249200 мың теңге (сексен алты миллиард екі жүз қырық тоғыз миллион екі жүз үш мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 174-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 4831542 мың теңге (төрт миллиард сегіз жүз отыз бір миллион бес жүз қырық екі мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 175-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1192 мың теңге (бір миллион бір жүз тоқсан екі мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «1) АҚ «Семейавиа;» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 176-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 9430276 мың теңге (тоғыз миллиард төрт жүз отыз миллион екі жүз жетпіс алты мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 178-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 65077 мың теңге (алпыс бес миллион жетпіс жеті мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 181-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 172503 мың теңге (бір жүз жетпіс екі миллион бес жүз үш мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 186-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 78226636 мың теңге (жетпіс сегіз миллиард екі жүз жиырма алты миллион алты жүз отыз алты мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 187-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 320475 мың теңге (үш жүз жиырма миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «ғимаратты сақтандыру» деген сөздер алынып тасталсын; 10) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 193-1-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).»; көрсетілген қаулыға 197-қосымша алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 198-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 33764653 мың теңге (отыз үш миллиард жеті жүз алпыс төрт миллион алты жүз елу үш мың теңге).»; 5-тармақтағы «мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және қарыз шарттарының ережелеріне сәйкес үкіметтік қарыздарды тартқаны үшін комиссиялық сыйақыларды төлеу» деген сөздер алынып тасталсын; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын; 7-тармақтың «Тікелей нәтижесіндегі» «үкіметтік қарыздарды тартудың мөлшері 2600 мың теңге комиссиялық сыйақыларды төлеу» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 200-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 480657 мың теңге (төрт жүз сексен миллион алты жүз елу жеті мың теңге).»; 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 205-1, 205-2, 205-3-қосымшалармен толықтырылсын; 11) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 209-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 960582 мың теңге (тоғыз жүз алпыс миллион бес жүз сексен екі мың теңге).»; 7-тармақта: «Тікелей нәтижедегі» «280» деген сандар «160» деген сандармен ауыстырылсын; «Қаржы-экономикалық нәтижедегі» «13,51» деген сандар «13,12» деген сандармен ауыстырылсын; «Сапасындағы» «40» деген сандар «30» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 211-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 413750 мың теңге (төрт жүз он үш миллион жеті жүз елу мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 214-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 523296 мың теңге (бес жүз жиырма үш миллион екі жүз тоқсан алты мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 216-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 25384 мың теңге (жиырма бес миллион үш жүз сексен төрт мың теңге).»; 7-тармақтың «Қаржы-экономикалық нәтижесі» «Mood's Investors Service» деген сөздерден кейінгі «5875» деген сандар «8875» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 217-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1643391 мың теңге (бір миллиард алты жүз қырық үш миллион үш жүз тоқсан бір мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 220-қосымша алынып тасталсын; 12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бойынша: көрсетілген қаулыға 240-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1417120 мың теңге (бір миллиард төрт жүз он жеті миллион бір жүз жиырма мың теңге).»; көрсетілген қаулыға 241-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 9211576 мың теңге (тоғыз миллиард екі жүз он бір миллион бес жүз жетпіс алты мың теңге).»; 7-тармақта: «Қаржы-экономикалық нәтижедегі» «84000000,0» деген сандар «81417600» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 249-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 8030867 мың теңге (сегіз миллиард отыз миллион сегіз жүз алпыс жеті мың теңге).»; 7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде» «7» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын; «16» деген сандар «14» деген сандармен ауыстырылсын; «3 объект» деген сөздер «1 объект» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау - 1 объект бойынша.»; көрсетілген қаулыға 250-қосымшада: 7-тармақта: «Тікелей нәтижеде»: «72» деген сандар «68» деген сандармен ауыстырылсын; «37734» деген сандар «34974» деген сандармен ауыстырылсын; «175» деген сандар «145» деген сандармен ауыстырылсын; «90888» деген сандар «91188» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 260-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 117194 мың теңге (бір жүз он жеті миллион бір жүз тоқсан төрт мың теңге).»; 5-тармақта: «Ғарыш саласы бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау,» «Өзін өзі тану» пәні бойынша оқытушылар дайындау.» деген сөздер «Өзін өзі тану» пәні бойынша оқытушыларды қайта даярлау.» деген сөздермен ауыстырылсын; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ғарыш саласы бойынша мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау.» деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта: «Тікелей нәтижедегі» «7076» деген сандар «6900» деген сандармен ауыстырылсын; «Түпкі нәтижедегі» «Қазақстан Республикасында ғарыш саласында мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2007 жылғы шараларды мамандармен қамтамасыз ету.» деген сөздер алынып тасталсын; «Қаржылық-экономикалық нәтижедегі» «22214» деген сандар «16868» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға 262-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 589383 мың теңге (бес жүз сексен тоғыз миллион үш жүз сексен үш мың теңге).»; «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «ғарыштық қызметтің саласы бойынша әдістемелік құралдарды әзірлеу және басып шығару;» деген сөздер алынып тасталсын; «Республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығына» деген сөздерден кейін «Республикалық «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығына» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»: 6-2-тармақ алынып тасталсын; 9-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |