|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 53-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: «Самұрық» холдингі» АҚ-ты басқару мәселелері» деген 4-бөлімнің үшінші абзацындағы «Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздерден кейін «, Индустрия және сауда» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |