Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1105 Қаулысы
(2008.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Мүдделі мемлекеттік органдар, облыстар әкімдері және ұйымдар:
1) Жоспардың тиісінше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы талдамалық ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 қарашадағы
№ 1105 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 776 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындау- ға жауап- тылар | Орындау мерзімі | Қаржылан -дыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Балқаш қаласын- дағы күкірт қышқылы цехының құрылысын аяқтау | АШМ-ге ақпарат | ИСМ, «Қазақмыс» корпора- циясы» АҚ (келісім бойынша) | 2008 жылдың I тоқсаны | Шаруашылық жүргізуші субъекті- лердің қаражаты |
2 | Минералдық тыңайтқыштарды өндіру үшін күкірт қышқылын тұрақты жеткізу жөнінде: «Қазмырыш» АҚ мен «Қазфосфат» ЖШС; «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ мен «Қазфосфат» ЖШС арасында меморандум жасасу | АШМ-ге ақпарат | ИСМ, ЭМРМ, «Қазмырыш» АҚ (келісім бойынша), «Қазақмыс» Корпора- циясы» АҚ (келісім бойынша), «Қазфос- фат» ЖШС (келісім бойынша) | 2007 жылдың IV тоқсаны | Талап етілмейді |
3 | Мыналардың: 1) Батыс Қазақс- танда өндірілетін мұнайдың күкірт- сізденуі үдері- сінде пайда болатын қайталама күкіртті шикізат базасында республика аумағында күкірт қышқылын қосымша өндіруді ұйымдастыру; | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне ұсыныс- тар | БҒМ (жинақтау), ИСМ | 2008 жылдың I тоқсаны | Талап етілмейді |
| 2) кейіннен аммофос пен аммофосфат алу арқылы күкірт қышқылын ішінара (5-10 %) алмасты- ру үшін Қаратау фосфориттерін экстракциялық қайта өңдеу үдерісінде мұнай күкіртін пайдала- ну мүмкіндігін зерделеу | | | | |
4 | Мыналарды: 1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің және даму институттарының қаражаты есебінен күкірт қышқылын тасымалдауға арналған арнайы цистерналар иесі - көлік компаниясын құру; | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне ұсыныс- тар | ККМ (жинақ -тау), ЭБЖМ, «ҚТЖ « ҰК АҚ (келісім бойынша), «Қазмырыш» АҚ (келісім бойынша), «Қазақмыс» корпора- циясы» АҚ (келісім бойынша), «Самұрық» ҚХ» АҚ (келісім бойынша), «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2008 жылдың I тоқсаны | - |
| 2) республикалық бюджеттен осы мақсатқа қаражат бөлінуін ескере отырып, сондай-ақ даму институтта- рының қаражатын тарту арқылы лизингтік негізде күкірт қышқылын тасымалдауға арналған цистер- налар сатып алу мәселелерін пысықтау | Қазақ- стан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне ұсыныс- тар | ККМ (жинақ -тау), ЭБЖМ, «ҚТЖ « ҰК АҚ (келісім бойынша), «Қазмырыш» АҚ (келісім бойынша), «Қазақмыс» корпора- циясы» АҚ (келісім бойынша), «Самұрық» ҚХ» АҚ (келісім бойынша), «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойынша) | 2008 жылдың I тоқсаны | - |
5 | 1) «ҚазАзот» ЖШС- де карбамид пен аммиак селитрасын шығаруды арттыру үшін 2009 жылдан бастап жылына 1,5 млрд. м3 көлемін- де газ жеткізу мәселесін газ жеткізушілермен пысықтау; | Кен пайда- лану- шылар, тұтыну- шылар («Қаз- Азот» ЖШС, Маңғыс- тау облы- сының әкімді- гі және басқа- лары), мемле- кеттік орган- дар арасын- дағы көп жақты меморан -дум немесе келісім | ЭМРМ, ИСМ, Маңғыстау облысының әкімдігі, «ҚазАзот» ЖШС (келісім бойынша) | 2007 жылдың IV тоқсаны | Талап етілмейді |
| 2) газ жеткізу жөніндегі мәселе оңынан шешілген жағдайда Маңғыстау облысында жаңа аммиак-карбамид кешенін салу | АШМ-ге жаңа аммиак- карба- мид кешенін салу барысы туралы ақпарат | ИСМ, Маңғыстау облысының әкімдігі | Жыл сайын 2008-2010 жылдардың І тоқсаны | Шаруашылық жүргізуші субъекті- лердің қаражаты |
6 | Минералдық тыңайтқыштар өндірушілердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтама- сыз ету мақсатын- да: 1) электр энергиясын өндіру -тұтыну тәуліктік кестесіне сәйкес Қазақстанның солтүстік облыс- тарының»«Солтүс- тік-Оңтүстік» электр станцияла- рынан электр энергиясын келісім-шарттық жеткізу; | Электр энер- гиясын өндіру- тұтыну тәулік- тік кестесі | «KEGOC» АҚ (келісім бойынша), «Қазфосфат « ЖШС (келісім бойынша) | Жыл сайын | Талап етілмейді |
| 2) сулы-энергети- калық ресурстарды пайдалану туралы үкіметаралық хаттамаға және «KEGOC» АҚ мен қырғыз тарапы әзірлеген кестеге сәйкес электр энергиясын жеткізу туралы; | Қазақс- тан Респуб- лика- сының Үкіметі мен Қырғыз Респуб- лика- сының Үкіметі арасын- дағы сулы- энерге- тикалық ресурс- тарды пайда- лану туралы хатта- маның жобасы | АШМ (жинақ -тау), ЭМРМ, ИСМ, «KEGOC» АҚ (келісім бойынша) | Жыл сайын | Талап етілмейді |
| 3) «KEGOC» АҚ-ның желілері бойынша электр энергиясын беру қызметтері- нің тарифтеріне заңнамада белгі- ленген тәртіппен уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу мәселе- лерін пысықтау | АШМ-ге ақпарат | ТМРА, ЭМРМ, «KEGOC» АҚ (келісім бойынша) | Жыл сайын | Талап етілмейді |
7 | Қазақстан аумағы бойынша күкірт қышқылын, аммиак және ұсақ тартыл- ған фосфор шикі- затын тасымалдау кезінде магистра- льдық темір жол желісі қызметте- рінің тарифтеріне заңнамада белгі- ленген тәртіппен уақытша төмендету коэффициенттерін беру | АШМ-ге ақпарат | ТМРА, ККМ, ИСМ, «Қазмырыш» АҚ (келісім бойынша), «Қазақмыс» корпора- циясы» АҚ (келісім бойынша), «ҚТЖ» ҰК АҚ (келісім бойынша), «Қазфосфат « ЖШС (келісім бойынша) | Жыл сайын | Талап етілмейді |
8 | Натрий және калий гуматтарын, Қазақстанның сұр тас көмірі мен фосфориттерінен органо-минералдық тыңайтқыштар, фосфогипс негізі- нде, фосфориттер мен мұнай күкір- тінен күрделі фосфорлы және N, Р, S-компонентте- рі бойынша теңдестірілген тыңайтқыштар өндіру; коттрел шаңы, Шымкент қаласында фосфат шламы мен сұр тас көмірді қайта өңдеудің қоламта өнімі негізінде биопрепараттар, тыңайтқыштар өндіру, сондай- ақ тыңайтқыштар- дың жаңа түрлері- нің шағын тоннажды өндірі- сін құру есебінен отандық зауыттар шығаратын минералдық тыңайтқыштар ассортиментін кеңейту мүмкінді- гін қарастыру | ИСМ-ге ұсыныс- тар | ИСМ, БҒМ, ЭМРМ, АШМ, Алматы облысы және ОҚО әкімдікте- рі, «Қазфосфат» ЖШС (келісім бойынша), «Қазына» ОДҚ» АҚ (келісім бойынша), «Ана Жер» ҒӨБ ЖШС (келісім бойынша), «Экобиошун -гит» ҒӨО ЖШС (келісім бойынша) | 2008 жылдың I тоқсаны | Талап етілмейді |
9 | Ғылыми ұйымдармен бірлесіп, ауыл шаруашылығы тауа- рын өндірушілер- дің тыңайтқыштар- дың әрбір түрі бойынша ғылыми- негізделген қажеттілігін айқындау | ИСМ-ге ақпарат | АШМ, БҒМ, облыстар әкімдікте- рі, «АҚРҒӘО» ММ | 2007 жылдың IV тоқсаны | Талап етілмейді |
10 | Мыналарды: 1) республикалық бюджеттің қаража- ты есебінен ауыл шаруашылығы тауа- рын өндірушілер- дің тыңайтқыштар сатып алуға арналған шығында- рын өтеу көлемін ұлғайту; | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне ұсыныс- тар | АШМ (жинақтау), ЭБЖМ | 2008 жылдың I тоқсаны | - |
| 2) ауыл шаруашы- лығы тауарын өндірушілердің тыңайтқыштарды сатып алуына кредит беру үшін «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы АҚ- ның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен «Азық- түлік келісім- шарт корпорация- сы» АҚ арқылы тыңайтқыштар жеткізу мәселесін қарастыру | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне ұсыныс- тар | АШМ (жинақтау) , ЭБЖМ, «ҚазАгро» ҰХ» АҚ (келісім бойынша), «АКК» ҰК АҚ (келісім бойынша) | 2008 жылдың I тоқсаны | - |
11 | Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші- лердің тыңайтқыш- тар қолдану жөніндегі ауыл шаруашылығы машиналарын лизингтік негізде сатып алу мүмкіндігін қарастыру | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне ақпарат | АШМ (жинақтау), «ҚазАгро» ҰХ» АҚ (келісім бойынша) | 2008 жылғы 25 қаңтар | Талап етілмейді |
12 | Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші- лерге тыңайтқыш- тар сатып алу және сақтау мәселесінде, оның ішінде өңірлерде минералдық тыңайтқыштар өндірушілердің өкілдіктерін құру және облыстық деңгейде тыңайт- қыштар жеткізу жөніндегі опера- торларды айқындау жолымен жәрдемдесу | АШМ-ге облыс- тар әкімде- рі мен ӘКК-нің өңірлік (аудан- аралық) қойма- лар салу мәселе- сі жөнін- дегі ұсыныс- тары | Облыстар әкімдері, АШМ, ӘКК (келісім бойынша), «Қазфосфат» ЖШС (келісім бойынша), «ҚазАзот» ЖШС (келісім бойынша), «Ана Жер» ҒӨБ ЖШС (келісім бойынша), «Экобиошун -гит» ҒӨО ЖШС (келісім бойынша) | 2008 жылдың I тоқсаны | Талап етілмейді |
13 | 1) «Тыңайтқыштар- дың қауіпсізді- гіне қойылатын талаптар» техни- калық регламентін әзірлеу | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіметі қаулы- сының жобасы | АШМ (жинақтау) , ДСМ, Қоршаған- ортамині, ИСМ | 2009 жылдың IV тоқсаны | РБ* |
| 2) Қазақстан Республикасында тыңайтқыштарды тіркеулік сынау және мемлекеттік тіркеу тәртібін заңнамалық реттеу мәселесін пысықтау | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне ұсыныс- тар | АШМ (жинақтау) , ДСМ, Қоршаған- ортамині, ИСМ | 2008 жылғы шілде | Талап етілмейді |
14 | Тыңайтқыштарға арналған мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкес келтіру | АШМ-ге ақпарат | ИСМ | 2009 жыл | РБ* |
15 | Минералдық тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындарда 9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелерін енгізу | АШМ-ге ақпарат | ИСМ | 2007-2009 жылдар | Шаруашылық жүргізуші субъекті- лердің қаражаты |
16 | Өнеркәсіптік (химиялық) мамандықтар үшін еліміздің жоғары оқу орындарында гранттар санын ұлғайту, оқыту, өндірістік практикадан өту, кеңес беру және т.б. салада жоғары оқу орындары мен тыңайтқыштар өндірушілер арасындағы ынтымақтастық мәселесін қарау | Қазақс- тан Респуб- ликасы- ның Үкіме- тіне ұсыныс- тар | БҒМ (жина- қтау), ИСМ, АШМ, «ҚазАзот» ЖШС (келісім бойынша), «Қазфосфат» ЖШС (келісім бойынша) | 2007 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді |
Ескертпелер:
* - Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде белгіленетін болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
РБ - республикалық бюджет
«Самұрық» ҚХ» АҚ - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы
«Қазына» ОДҚ»»АҚ - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«АКК» ҰК» АҚ - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
ӘКК - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
«Қазмырыш» АҚ - «Қазмырыш» акционерлік қоғамы
«Қазақмыс» корпорациясы» - «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ акционерлік қоғамы
«АҚРҒӘО» ММ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі
республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі
«Қазфосфат» ЖШС - «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«ҚазАзот» ЖШС - «ҚазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Ана Жер» ҒӨБ ЖШС - «Ана Жер» ғылыми-өндірістік «Бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Экобиошунгит» ҒӨО» - «Экобиошунгит»
ЖШС ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«ҚазАгро» ҰХ» АҚ - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы