Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес
Осы редакция 2007 жылғы 27 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын және оның ұзақ мерзімді "Кәсіби мемлекет" басымдығын орындау мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2000 жылғы 1 қазанға дейін орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жақсарту, олардың ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру, басқару буындарының санын қысқарту жөніндегі түбегейлі шаралар кешенін әзірлесін; 2) орта буын басшыларының - министрліктер құрамындағы комитеттер мен департаменттердің, агенттіктердің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының алдында тұрған стратегиялық мақсаттар мен нақты міндеттерге қарай олардың рөлі мен жауапкершілігін күшейтсін; 3) ведомстволардың санын, министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың штат санын, олардың басшы лауазымды тұлғаларының санын ұлғайтуды тек қана Мемлекет басшысының не оның уәкілеттік беруімен Республика Президенті Әкімшілігінің келісімімен жүргізетін болсын; 4) бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жеделдетсін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, жекелеген орталық және жергілікті атқарушы органдардың неғұрлым дайын жүйелерінің базасында оның негізгі элементтерін пысықтап, Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін кезең-кезеңімен құруға 2000 жылдың соңына дейін кіріссін; 5) олардың тиімді пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды іздестірсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|