Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан
Осы редакция 2007 жылғы 4 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысымен бекітілген
Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесi
Мынадай ұйымдарға жұмысқа кірген азаматтарды бүкіл жұмыс кезеңінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады: 1) мынадай мамандықтар бойынша көмір өнеркәсібі: жер асты жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы; жер асты тау-кен қазбаларының бекітушісі; тау-кен электромеханикалық жабдық шебері; машинист (барлық атаулардағы); көтергіш көлік жабдығын монтаждаушы; 2) мынадай мамандықтар бойынша тау-кен, металлургия өнеркәсібі: аппаратшы (барлық атаулардағы); бұрғылаушы (барлық атаулардағы); айналмасоғушы (барлық атаулардағы); газшы (барлық атаулардағы); домна пешінің көрікшісі; жер асты жұмыстарындағы тау-кен жұмысшысы; инженер (барлық атаулардағы); металлургия өндірісіндегі бақылаушы; жер асты тау-кен қазбаларының бекітушісі; зертханашы (барлық атаулардағы); ыстық немесе электрлі әдіспен қалайылаушы; машинист (барлық атаулардағы); оператор (барлық атаулардағы); болат қорытушының көмекшісі; престеуші; бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі слесарь; болат балқытушы; көтергіш көлік жабдығын монтаждаушы; жабдықтарды жөндеу жөніндегі электрослесарь; 3) мынадай мамандықтар бойынша мұнай өңдеу, мұнай-химия, химия өнеркәсібі: жабдық шебері (барлық атаулардағы); машинист (барлық атаулардағы); техникалық жабдықты монтаждаушы; оператор (барлық атаулардағы); технологиялық қондырғыларды жөндеу және оған қызмет көрсету жөніндегі слесарь; техник-механик (барлық атаулардағы); техник-технолог (барлық атаулардағы); техник-электромеханик (барлық атаулардағы); 4) мынадай мамандықтар бойынша теңіз флоты, азаматтық авиация және темір жол көлігі: электропоезд және локомотив машинисі; локомотив машинисінің көмекшісі; кеме слесарь-механигі; авиациялық аспаптар слесарь-механигі; авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь; кемелердің кеме жасаушысы-кеме жөндеушісі; кеме құбыржолшысы; авиациялық техниканы электромонтаждаушы; электр жабдықтарын сынау және жөндеу жөніндегі электромеханик; кеменің электррадио монтаждаушысы; 5) мынадай мамандықтар бойынша атом энергиясын пайдалану саласында: мөлшерлеуші; инженер (барлық атаулардағы); зертханашы (барлық атаулардағы); шебер (шебердің көмекшісі); машинист (барлық атаулардағы); механик; оператор (барлық атаулардағы); техник-монтаждаушы; техник-жылу технигі; техник-электрик; техник-энергетик; электрмен, газбен пісіруші (барлық атаулардағы); электромеханик (барлық атаулардағы); электромонтер (барлық атаулардағы); электрослесарь (барлық атаулардағы); 6) мынадай мамандықтар бойынша "Байқоңыр" кешеніндегі қызметті жүзеге асыратын: инженер (барлық атаулардағы); авиациялық аспаптар слесарь-механигі; авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь; авиациялық техника слесарь-жинаушысы; авиациялық техника электромонтаждаушы; электр жабдықтарды сынау және жөндеу жөніндегі электромеханик.
Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 41, 480-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 мамырдағы № 553 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 23, 239-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 шілдедегі № 1017 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 26, 295-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 қыркүйектегі № 1085 қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 36, 344-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қаңтардағы № 9 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 3-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 мамырдағы № 642 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 227-құжат). 7. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 896 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 24-25, 309-құжат). 8. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы № 829 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 339-құжат). |