Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және (2006.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 19 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі 3-тарау. Қорытынды ереже Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға ақшалай берілетін төлем; 1-1) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның шарттарымен жәрдемақыларды төлеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға; 1-2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган - орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi; 2) ҚР 2006.04.07. № 148-III Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2004.20.12 № 13-III Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі 3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар. 2. Жәрдемақы ай сайын төленеді. 3. Жәрдемақы алатын жалақысына қарамастан төленеді. 4-бап. Жәрдемақы құқығы бар азаматтар Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін № 1 Тізіміне орай 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда жұмыс стажы бар азаматтар: еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде; әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар. Жәрдемақыға құқық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға қолданылмайды. ҚР 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау 1. Жәрдемақы тағайындауға өтініш жасау жәрдемақыға құқығы пайда болғаннан кейін кез келген уақытта қандай болса да мерзімі шектелмей жүзеге асырылады. Бұл орайда жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа дейін жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан жәрдемақы тағайындалады. 2. Жәрдемақы тағайындау туралы арызды оны алуға құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Орталыққа береді. 3. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарауды жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган тізбесін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын құжаттар табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 4. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган тиiстi шешiм шығарылғаннан кейiн бес жұмыс күнінен кешiктiрмей арыз берушiге ол туралы жазбаша түрде хабарлайды. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган бас тарту себептерiн жазбаша түрде негiздеуге және арыз берушiге құжаттарды қайтаруға мiндеттi. 5. Жәрдемақы, барлық қажетті құжаттар қоса тіркеліп, арыз берілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен тағайындалады. 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2005.15.12. № 101-III (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Жәрдемақы мөлшері 1. Жәрдемақы тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. 2. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа жеткен кезде осы заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе зейнетақы заңдарына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлеуді тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі. ҚР 31.05.02 ж. № 326 ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Жәрдемақы төлеу Жәрдемақы төлеуді Орталық ағымдағы ай үшін жүргізеді. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді. Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
8-бап. Осы заңды күшіне енгізу тәртібі Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының
|